5-6 сынып оқушыларының математика сабақтарында логикалық ойлау қабілетін жетілдіру жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе............................................................................................ .................3-6
I. 5-6 сынып математика пәнінің мазмұнына логикалық талдау.
1.1. Мектеп математика курсындағы логика-методологиялық білім негіздерінің мазмұны......7-11
1.2. Анықтама құрылымына логикалық талдау. Анықтама түрлері...........12-16
1.3. Ой қорыту ережелері құрылымы. Ой-қорыту ережелерін игерту
жолдары................................................................................................... 17-22
II. Есептер мен жаттығулардың логикалық ойды дамытудағы ролі.
2.1. Есептер түрлері. Классификациясы. ......23-31
2.2. Логикалық ой дамытуға арналған есептер топтамасы.......................... 32-39
Қорытынды.............................................40-41
Пайдаланылған әдебиеттер......................42-43


Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  • оқыту мазмұны, түрі, әдісі мұғалімнің жұмыс істеу стилі, ізгілендіру мақсаттарына сай қарастырылуын зерттеу;
  • оқушы мен мұғалім арасындағы қалыптасқан мәнерді өзгерту жолдарын қарастыру;
  • оқушы мұғалім айтқанын орындаушы ғана емес ұжым болып ойласып мәселе шешу ісіне қатысатын дара тұлға деп қарастырылу жолдарын айқындау;
  • әр сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ақыл-ой белсенділігі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тақырыптың өзектілігі:

Бүгінгі мектептің негізгі міндеті баланың жеке басының қалыптасуын, оның қабілетінің ашылуын, оқуға деген қызығушылықтарын қамтуы болып табылады. Бұның барлығы ойлаудың дамуынсыз мүмкін емес.

Әрине, ойлауға үйрету – мұғалімнің, ал ойлауға үйрену – оқушының ең қиын міндеті. Бұл мәселе оқуға деген қызығушылық қалыптаспай шешілмейді. С.Соловейчик «мектептегі ыңғайсыздықтан, оқуға мойын ұсынбаудың бәрі көбіне – көп оқушылардың ойлау білмеуінен немесе ойлай білгісі келмегендіктен болыпжатады, өйткені ойлау қиынға түседі. Ой еңбегі дене еңбегінен ауырырақ, адам тез шаршайды, нәтижелері дәйім көз алдына келе бермейді. Әр жас , әр сынып үшін қиыншылықтың өз маңызы бар. Бірақ кейбір балалар осы шағын салмақты да көтере алмайды, қатты қиналмай жатып-ақ ойлауды, ой еңбегімен жұмыс істеуді біртіндеп қояды.Олар мектепке бос барып, бірнәрсеге жауап береді, бірнәрсе істегенсіп жүреді, бірақ ой еңбегіне күш түскен кезде олар тайқып шығады, есепті көшіріп алады, әйтеуір амалын табады. Олар бірте-бірте ойлауды  мүлдем қояды,міне осыдан бастап оқу нағыз азап, тозақ бола түседі. Ой еңбегінсіз, ынтасыз, ойланбай оқу мүмкін емес.

Ал кім өз бойында осы адалдық шеберлікті ойлай білуді бірте-бірте дамытса, кім өзін логикалық ойлауға үйретсе, сол адамда ең жақсы әдеттердің бірі- ойлау әдеті пайда болады. Себебі, ой еңбегі басқа ешбір еңбектей емес, өз бойыңа қуаныш ұялатады және сирек қасиеттерге ие болады»- деді. Оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуда ерекше роль атқаратыныны- пән сабақтары, оның ішінде математика сабағы. Оларда логикалық амалдарды көп пайдаланамыз.

Бүгінгі күні оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыруында төмендегідей қайшылықтар туындайды:

  • оқушының логикалық ойлауына қойылатын талаптар мен олардың дамуы арасындағы қайшылық,
  • мұғалімнің тапсырмаларды орындауға және түсіндіруге қолданған әдіс-тәсілдері арасындағы қайшылық;
  • оқушы мүмкіндігі иен мұғалім әдістемесі арасындағы қайшылық.

Осындай қайшылықтарды шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуға болады. Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмұтов «Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен оны өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек»- дейді. Егер бала әрбір оқу жұмысын не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға, бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Баланың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеу оқу жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса, солай дамуына жол бермеу үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйрету, ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, баланың ой жұмысын тәртіпке салып отыру, оның өз бетімен ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде белсенді ақыл-ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығына жол беріп отыру.

Ақыл-ой даму дәрежесі оқушының тиісті фактілердің, құбылыстардың мазмұны мен маңызын дұрыс ұғынып, оларды бұрыннан қалыптасқан негізінде түсіндіре білу, оқу жұмысының әр түрлі жағдайында әр алуан жағдайында өздігінен іздену мен белсенділік көрсете білу мүмкіндігінен байқалады. Баланың бүкіл тәрбие жұмысында білім алуда, дағдыларды қалыптастыруда, оқуда ынтасын қалыптастыруда белсенді түрде жүреді. Олай болса, мектеп оқушыларының ақыл-ойын дамыту, оқыту мазмұны мен оқу жұмысын дұрыс жолға қою арқылы жүзеге асырылады. Білімдік материалдар ойлаудың қажетті құралы. Ақыл-ой дамуын сипаттау үшін, білімді меңгеруге көмек ететін ақыл-ой операциясы мәнді болмақ. Олай болса, оқушының жалпы интеллектуальдық дамуын шешу міндеттері, олардың білімдерінің терең де тиянақты болу міндеттерімен байланысты.

Егер оқыту мазмұны оның ұйымдастырылу жағынан оқушылардың терең, тиянақты білім алып, негізгі осы ойлау амалдарын игеруге мүмкіндік беретіндей етіп жолға қойылатын болса, онда мұндай жағдайда баланың психологиялық қызметтерін қалыптастыруды «алға бастыруға» мүмкін болады. Егер сынып оқушылары ойлай, талқылай, қорытынды жасай алмаса, онда олар үлкен сыныпта да дұрыс білім меңгере алмайды. Сондықтан біз баланы тек қана механикалық есте сақтауға үйретпей, керісінше ойлауға және заттардың белгілері мен қасиеттеріне қарап ойлайға үйретуіміз керек. Логикалық ойлау баланың ақыл-ойының дамуының жоғарғы деңгейі болып табылады. Әрине, логикалық ойлау адам өмірінің барлық саласы үшін керек.  Ғылыми жұмыстарда да, күнделікті тұрмыста да дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасуда қысқасы барлық іс-әрекетте қажет.

Логикалық ойлау ең алдымен ойлау процестерінің нақ өз барысында байқалады. Оқушы қажетті байланыстарды ойша таразылауы, талдауы және белгілеуі тиіс, өзіне берілген нақты міндетке бұрыннан білетін қолайлы ережелерді, әдіс, әрекеттерді талдап алуы және қолдануы керек. Ол ізденіп отырып байланыстарды салыстыруы және бекітуі, ұқсас заттарды айыра білуі және әр түрлілерді топтай білуі тиіс, ал осының бәрін тек қана ақыл-ой жұмысының осы бір аса күрделі формасын игеріп кеткенше, оның бірсыпыра қателесуі бүтіндей табиғи нәрсе. Мұғалім жұмыстарға ерекше көңіл аударып оқушыларға логикалық жаттығуларды жиі беріп отырса, оқушылардың логикалық ойлауы нәтижелі дамиды. Оқушыларға білім беру, өз тәжірибелерімен байланыстыру, сабақ процесін өнімді жүргізу мәселелер – бүгінгі таңдағы мектептің алдына қойып отырған күрделі проблемалары.

Іздеу