Көпмүшелерді қолдану жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе....................................................................................................................3

1. Бір айнымалылы көпмүшелер.....................................................................5
1.1 Сақина ұғымы және оның қасиеттері............................................................5
1.2 Көпмүшелер сақинасы және оларға амалдар қолдану................................10
1.3 Көпмүшеліктерді қалдық арқылы бөлу алгоритмі......................................14
1.4 Өрістегі келтірілмейтін көпмүшелер............................................................21
1.5 Көпмүшенің еселі көбейткіштері және еселі түбірлері..............................25
2. Көпмүшелерді қолдану жолдары.................................................................31
2.1 Бірнеше айнымалылы көпмүшелер сақинасы..............................................31
2.2 Симметриялық көпмүшелер туралы ұғым...................................................35
2.3 Симметриялық көпмүшелерді қолдану........................................................44
2.4 Комплекс сандар өрісіндегі көпмүшелер.....................................................49
2.5 Нақты сандар өрісіндегі көпмүшелер...........................................................53
2.6 Көпмүшенің рационал түбірлерін табу....................................................... 55
2.7 Рационал бөлшектерді түрлендіру................................................................57
2.8 Көпмүшелер тақырыбына есептер................................................................63

Қорытынды.........................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................73


Жұмыстың өзектілігі Математика курсын оқытуда ғылым мен техниканың дамуына байланысты, мектептегі оқу пәндерінің мазмұнына өзгерістер енуі, оқушылардың білім сапасын арттыру бүгінгі күннің талабы. Сондықтан оқу процесінде көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, көпмүшенің түбірі, жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде оқушыларға қиындықтар туғызатылы мәлім. Сонымен қатар жоғары дәрежелі теңдеулер жүйесін шешуде симметриялық көпмүшені қолданудың  маңызы зор.

Ғылыми жаңашылдығы Математика курсын оқытуда  жалпыға бірдей жоғары білім беру жағдайларында оқу процесінде көпмүшелер теориясы туралы толық түсінік алу арқылы жеке тұлғаның дағдысын қалыптастыру.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы Жоғарғы математика курсын оқытуда студенттердің білім, білік қабілетін дамытуда көпмүшелер теориясында алған теориялық білімдерін практикада жүзеге асыру.

Қазіргі уақыттағы жағдайы Бұл материал жоғарғы оқу орнына түсуші талапкерлердің өздігінен дайындалуына, оқушылардың білігі мен дағдысын қалыптастыруына және жаратылыстану бағыты студенттерінің білім сапасын көтеріне мүмкіндік береді.

Диплом жұмыстың мақсаты Математиканы оқыту барысынша оқушыларды көпмүше ұғымымен таныстыру, бір айнымалылы көпмүшелерді толық зерттеу, оқушылардың ойлау қабілетттерін арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту арқылы көпмүшелерді қолданып есептерді шешудің жолдарын үйрету.

 Дипломдық жұмыстың міндеттері Алгебра және сандар теориясының негізгі ұғымдарын, формулаларын, қолданатын жерін;

  • сақина ұғымын;
  • көпмүшелер сақинасын
  • көпмүшелерге амалдар қолдануын;
  • Безу теоремасын;
  • көпмүшелерді қалдықпен бөлу алгоритмін;
  • көпмүше түрлерін:
  • көпмүшелерді қолдану арқылы есептерді шешудің жолдарын білуі керек.

Жұмыстың зерттелу деңгейі Жоғарғы математика курсында оқытылатын  көпмүшелер сақинасы және оларға амалдар қолдану, көпмүшелерді қалдықпен бөлу, көпмүшелердің ең үлкен ортақ бөлгіші мен ең кіші ортақ еселігін табуда  Евклид алгоритмін тиімді пайдалану, көпмүшелердің түрлері, атап айтқанда бірнеше айнымалылы көпмүшелер, симметриялы көпмүшелер, комплекс және нақты сандар өрісіндегі көпмүшелердің қолдану жолдары қарастырылды.

Теориялық және әдістемелік негізі Кіріспе, екі тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.  Оқушылардің білігі мен дағдысын қалыптастыратын материал.

Іздеу