Математиканы оқытуда логикалық есептердің маңызы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе...................................................................................................................3

1. Математика курсын оқытудың ерекшеліктері........................................5
1.1 Математика пәнін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін дамыту............5
1.2 Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың алатын орны................... 8
1.3 Математика пәнінде ойын сабақтарының тиімділігі ................................14
1.4 Математика курсын оқытуда ауызша есептің ролі...................................18

2. Математиканы оқытуда логикалық есептердің маңызы.....................24
2.1 Қазақ халқының ауызша есептері................................................................24
2.2 Математикадан ертегі есептер.....................................................................32
2.3 Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары ........................39
2.4 Математика курсындағы логикалық есептерді шешу түрлері..................46
2.5 Факультативтік сабақтардағы логикалық есептер.....................................55

Қорытынды.........................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................63


Қазіргі кезде логика мектепте жеке пән ретінде оқытылмайды. Оқушыларды логикалық білімдерге үйрету мектептегі барлық пәндерді оқыту барысында жүзеге асыру көзделген. Мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі математика сабағында оқушылардың логикалық білімдерді нәтижелі игеруінің мүмкіндігі мол. Логика негізінен грек тілінен аударғанда λογική – «дұрыс ойлау туралы ғылым», λόγος – «пікір», «ой» сөздерінен шыққан. Логика, тіпті өзінің атынан айтып тұрғандай адамның пікір жеткізу қабілеті мен ойлау қабілетін дамытады. Негізінен логика біздің әр күнімізде, өмірімізде, кішкентай шағымыздан бастап көптеген жағдайларда қолданылып және дамып келеді. Логиканың көп түрлері болады және ол жаратылыстану ғылымдарының көбісінің негізінде жатыр. Мысалы: Бұл ұғым оймен алынғандықтан, логика дұрыс ойлаудың заңы мен формасы деп аталады. Логика әдеби тілде «пікір» деп алынады және ол көбінесе дәлелдеу және жоққа шығару сияқты кездеседі.

Логика Ежелгі Қытайда, Үндістанда және Еуропа мен Таяу – шығыс Азияда дамыған. Логика барлық кездерде қажет болған, өйткені ол адамның дұрыс ойлап, пікір айтуы, оны материалық заттардың көмегімен шешуі, әрине, осы логиканың арқасы. XX ғасырдың 80-жылдары оқуға компьютер мен жаңа технологиялардың енуіне байланысты, көбіне мектептерде математикалық логиканың кең таралуына әкелді. Математикалық логика көбінесе адамды формулалармен және формалармен жұмыс істеткізеді. Бірақ, егер, біз тек математикалық логиканы үйренетін болсақ, біздің білгеніміз тек есеп болады. Ал абстрактты ойлауды сөзсіз қолдану мүмкін емес.

Математика пәнінің өзіндік ерекшелігі математикалық ұғымдардың дерексіздігі (абстрактылығы) және ұйғарымдардың қатаң дәлелденетіндігі оқушылардың логикалық дайындығына табиғи мүмкіндік жасайды. Сол себепті мектепте оқушыларды логика элементтерімен таныстыру математикалық білімдерді меңгерумен тікелей байланысты жүзеге асырылады. Шындығында да, негіздеп және жүйелі ойлау, ой қорыту, жалпылау, талдау жасау, дедуктивті ойлау, дерексіздеу және нақтылау т.б., сонымен қатар өз ойын қысқа, дәл айтып беру - математика сабағындағы оқушылардың күнделікті орындайтын жұмысы. Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында математиканы жаңа технологиялар негізінде оқытумен қатар, пәндер бағдарламасында жоқ мәліметтерді пайдаланудың, логикалық есептер құру және оларды шешудің жолдарын үйретудің де пайдасы бар. Логикалық есептер сан жағынан бай бола отырып, ойлау және ақыл жүгіртуді көп талап етеді. Түрлі типтегі есептер оқушыларды жалықтырмайды. Викториналық есептер сияқты, таласып шығаруға ұмтылады. Сонымен бірге, оқушылар өздері де есептер құрастыруға қызығады.

Жұмыстың өзектілігі Математика курсын оқытуда ғылым мен техниканың дамуына байланысты, мектептегі оқу пәндерінің мазмұнына өзгерістер енуі, оқушылардың білім сапасын арттырудың маңызды жолдарының бірі- оқу процесінде логика ұғымының қалыптасуы мен логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдері  маңызды роль атқарады.

Ғылыми жаңашылдығы Математика сабағында логикалық білім беруде орта мектепте және жаратылыстану бағыты бойынша жеке тұлғаның дағдысын қалыптастыру.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы Математика курсын оқытуда оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда логикалық есептерді шешу арқылы практикада жүзеге асыру.

Қазіргі уақыттағы жағдайы Бұл материал жоғарғы оқу орнына түсуші талапкерлердің өздігінен дайындалуына, оқушылардың білігі мен дағдысын қалыптастыруына және жаратылыстану бағыты студенттерінің білім сапасын көтеріне мүмкіндік береді.

Диплом жұмыстың мақсаты Математиканы оқыту барысынша оқушыларды логика элементтерімен таныстыру, оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында логикалық есептер құру және оларды шешудің жолдарын үйрету.

Дипломдық жұмыстың міндеттері

  • Математикалық логиканың негізгі ұғымдарын, формулаларын, қолданатын жерін;
  • ойын сабақтарының математикада алатын орнын;
  • логика ұғымын;
  • дидактикалық ойындар мен логикалық ойын есептердің түрлерін;
  • логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін білуі керек.

Жұмыстың зерттелу деңгейі Математиканы оқытуда ойын сабақтарының тиімділігі, логикалық есептердің маңызы, ұлттық мазмұнды және факультативтік сабақтардағы логикалық есептердің математика сабағында қолданысы қарастырылды.

Іздеу