Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешуге үйретудің теориялық негіздері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ ЕСЕПТЕРДІ
ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………..........................8
1.1 Математиканы оқыту үрдісіндегі ұлттық мазмұнды есептердің
маңыздылығы..........................................................................................................8
1.2 Математиканы оқыту үрдісіндегі патриоттық тәрбие.................................15
1.3 Математика сабағындағы ұлттық мазмұнды есептердің алатын орны.....19
2 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР
ШЕШУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ...............................................................................27
2.1 Ұлттық мазмұнды есептерді шешудің әдістемесі........................................27
2.2 Теңдеулер құруға берілген мәтіндік ұлттық мазмұнды есептерді шешудің
әдіс –тәсілдері.........................................................................................................32
2.3 Математика сабағында ертегі есептерді шығару әдістемесі......................48
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................62
1-Қосымша- «Пошта» ойын...................................................................................64
2-Қосымша- Математика-ғылымдар патшасы.....................................................66
3-Қосымша-Қазақтың қара есептері......................................................................68


Диплом жұмысының мақсаты.Ұлттық мазмұндағы есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде оқушылардың математикалық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру, оқушылардың нақты өмірде процестерді зерттеу біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы математикалық білім сапасын арттыру.

Диплом жұмысының міндеттері.

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • математикалық ойын жеткізе білуін қалыптастыру ;
  • мазмұнды есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру;
  • есепті шығару әдіс тәсілдері бойынша негізгі білімдерін бекіту;
  • есептің типтері мен әдіс тәсілдері бойынша білімдерін қалыптастыру;

Диплом жұмысының (жобаның) теориялық және әдіснамалық негіздері. Математиканы оқытуда түрлі әдістерді қолдана отырып оған деген оқушылардың қызығушылығын арттырады,  қоғамның мәдени мұрасын адамға жеткізу тәсілі мен танып-білу (интериоризация) арқылы адамды мәдениетке жақындастыру процесі, сонымен бірге адамның ой мен ойлау қабілеті және рухани жағынан қалыптасу құралы, математиканы оқыту үрдісінде  ұлттық дәстүрлі мазмұндағы есептердің маңызы зор. Бұл зерттеу жұмысымның әдіснамасын ашуға негіз болды. Математикада ұлттық дәстүрлі мазмұндағы есептерді қарастыруға болады, дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі. Математиканы оқыту әдістемесі.

Диплом жұмысының (жобаның) практикалық маңыздылығы. Математиканы оқытудағы басты құндылықтарының бірі оқулық.  Математика оқулықтарында кездесетін  ұлттық нақыштағы есептерге көп көңіл бөлу арқылы  соларды оқыту үрдісіндегі бағдарламаларынң оқу құралдары мен оқу әдістемелік құралдары негізге алынды: 

  • «математика тарихы оқу» құралы
  • «математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» оқу құралы
  • «Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журналдары
  • «Қазақтың қара есептері» оқу құралы 

Диплом жұмысының (жобаның) жаңашылдығы. Оқушыларға ұлттық дәстүрлі мазмұндағы есептерді,сонымен қатар қазақтың қара есептерің,ұмытыла бастаған ұлттық дәстүрлерімізді, сондай-ақ ертегі есептерді талданды. Жалпы адамзаттық құндылықтардың, жеке тұлға, ұрпақтардың мәдени сабақтастық байланыстарын қамтамасыз ететін математикада білімнің дамуы ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тіл, салт-дәстүр, ұлттық  мазмұнды есептер білімнің негізі болып табылады.

Диплом жұмысының (жобаның) қазіргі уақыттағы жағдайы. математика сабағында әдістеме ретінде қолданылатын көптеген қазақи ұлттық мұраларды қолдана отырып, оқу тәрбие үрдісін білім берудің басты ұстанымы ретінде – ұлттық құндылықтарды кешенді түрде ендіру болып табылады.  Математиканың да көмегімен қоғамдағы және табиғаттағы өзгерістерге модельдеуге болады, және сол модельдер арқылы түрлі есептеулер жүргізіледі.

Іздеу