Математикада иррационал теңдеулерді шешу жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ
I тарау. ИРРАЦИОНАЛ ТЕҢДЕУДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Теңдеулерге жалпы мағлұмат
1.2. Иррационалдық туралы жалпы мағлұмат
1.3. Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер ұғымына түсінік
II тарау
2. ИРРАЦИОНАЛ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Иррационал теңдеулерді шешудің қарапайым әдісі
2.2. Иррационал теңдеулерді шешу кезінде түбір астындағы өрнектің оң және теріс мәндер қабылдау мүмкіндігін ескеру әдісі
2.3. Иррационал теңдеулерді тригонометриялық алмастыруды енгізу және теңдеудің векторлық әдісімен шешу
2.4. Иррационал теңсіздіктердер мен теңдеулерді шешу
2.5. Кейбір иррационал теңдеулерді шешудің арнайы тәсілі
2.6. Иррационал теңсіздіктерді шешудің қарапайым тәсілі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ


Кіріспе.

Иррационал теңдеулер алгебралық және алгебралық емес болып екі топқа бөлінеді. Мен негізінен алгебралық иррационал теңдеулерді шешудің барлық мүмкін әдістерін толық қарастырып, шешуі қызықты деген есептерді шамам келгенше молырақ қамтыдым. Болашақ  математика мұғалімі  математиканы оқытудың  жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдістемелік зерттеулерді, оқытудың  әр түрлі  әдіс-тәсілдерін қолдана  білуді, педагогика  ғылымы мен озат  тәжірибе жетістіктерін мектеп тәжірибесіне  батыл енгізу тәсілдерін білу керек. Математика пәнін оқытуда  қандай ақпараттар беру керек, нені  оқыту қажет деген мәселені шешумен қатар, оларды  қандай ретпен, жүйемен оқыту, яғни оқу курсын барынша  тиімді түрде,  жеткізу проблемасының шешуін табу керек. Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге  қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу  нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын басты құрал. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты: теңдеулер мен теңсіздіктерді құрып, оны шығару әдістерін зерттеу.

Жұмыстың басты міндеттері төмендегідей:

а) оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің  математикаық әдістерін игеруіне  жәрдемдесу;

ә) оқушыларды ауызша  және жазбаша  математика тіліне үйрету

б) оқушыларды математика бойынша алған білім, дағдыларын оқу және  өз бетімен білім алу  барысында  белсенді түрде  пайдалана білуге үйрету.

Бұл жұмыстың зерттеу объектісі: Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу. Мектепте оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытатындай иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді құру.

Зерттеу пәні: математика оқыту әдістемесі – педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді.

Математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге, физика, химия, сызу, ақпараттану және есептеу  техникасы негіздерін т.б.  пәндерді оқып үйренуге пайдалана  білуге үйренеді, шәкірттердің өз бетінше  білім  алуын қамтамасыз етеді (мысалы,  оқулық және ғылыми-көпшілік әдебиетпен жұмыс).

Бұл тұрғыда иррационалдық ұғымның ашылуына тікелей себепші болуы мүмкін деген математикалық үш мәселені көрсете кетейік. Олар: квадраттың қабырғасы мен диаганалының ортақ өлшемін табу, музыканың математикалық теориясында кездесетін 1-мен 2-нің геометриялық ортасын-октава интервалын –қақ бөлу және квадраты 2-ге тең болатындай рационал санды  табу. Бұл мәселелердің қай-қайсысы болмасын 2-нің квадрат түбірін табуға келтіреді

Іздеу