Математиканы оқытуда координаттық және векторлық әдістерді қолдану

КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1 КООРДИНАТАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕКТОРЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .................................................................6
1.1 Координаталық әдістің пайда болуы..................................................6
1.2 Вектор ұғымының қалыптасуы .........................................................8
1.3 Математикалық есептеулердегі координаталық әдістердің ерекшеліктері.......13
1.4 Векторлардың қолданудағы, оқып-үйренудегі маңызы..................20
2 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КООРДИНАТАЛЫҚ ЖӘНЕ
ВЕКТОРЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ...............31
2.1 Математикалық есептерді шешуде координаталар әдісін қолдану
тәсілдері.............................................................................................31
2.2 Математика сабағындары координаталар әдісінің алатын орны......37
2.3 Векторлық әдістің алгебрада қолданылуы......................................44
2.4 Теоремаларды дәлелдеудегі векторлық әдістің маңызы ................48
2.5 Ұлттық бірыңғай тесттерде математика пәнінен кездесетін кейбір есептерді координаталық және векторлық әдістерді қолданып шығару жолдары...................54
ҚОРЫТЫНДЫ.....................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............61
1 ҚОСЫМША Координаталық және векторлық әдістермен шешілетін есептерге берілген тест.............63


Диплом жұмысының өзектілігі. Мектеп курсындағы есептерді шығаруда оқушылардың координаталық және векторлық әдістерді қолдана білу мүмкіндігі жеткілікті шешімін таппай отыруына байланысты, көтерілген мәселе өзекті.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы математиканы оқытуда координаталық және векторлық әдістерді қолдану мүмкіндіктерінің әдістемелік негізін жасау.

Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы оқушылардың координаталық және векторлық әдістерді пайдаланып есептер шығару жолдарын терең меңгеру, бұл әдістерді әртүрлі есептер шығаруда, теоремалар дәлелдеуде еркін қолдана алуын үйрету.

Диплом жұмысының қазіргі уақыттағы жағдайы координаталық және векторлық әдістерді мектептерде қолдану мүмкіндіктері таяз болғандықтан, оқушылар математикадан әртүрлі есептер шығаруда, теоремалар дәлелдеуде еркін қолдана алмайды.

Диплом жұмысының мақсаты мектеп курсында координаталық және векторлық әдістерді қолданып есептер шығаруға, мектеп курсы теоремаларын дәледдеуді үйретудің әдістемелік жолдарын көрсету.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • координаталық және векторлық әдістердің теориялық негіздерін анықтау;
  • мектеп курсында координаталық әдістерді оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
  • есептер шығаруда координаталық және векторлық әдістерді қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;
  • теоремаларды дәлелдеуде векторлық әдістің маңызын қарастыру;
  • алгебарлық есептердің векторлық тәсімен шешілуін үйрету.

Диплом жұмысының зерттелу объектісі мектеп математика курсы.

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, мемлекеттік білім беру стандарты, математиканы оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері.

 

Іздеу