Мектеп математика курсында теңдеулер мен теңсіздіктерді қатар оқыту методикасы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе
Математикалық есептер түрлері және шығарылу жолдары.
§ 1.1. Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері.
1.1.1.Математиканы оқытудағы есептің ролі.
§ 1. 2. Есептің түрлері және шығарылу жолдары.
§ 1.3. Есеп шығаруға қойылатын негізгі талаптар.
§ 1.4. Математика есептерін шығаруды үйретудің жалпы әдістері.
§ 1.5. Математика есептерін шығаруды ұйымдастыру және оқушыларды есеп шығаруға үйрету.

2 тарау. Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері.
§ 2.1. Квадрат теңдеулер есептерін шешудің негізгі әдістері.
§ 2.2. Туындының көмегімен теңдеулерді шешу.
§ 2.3. Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
§ 2.4. Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешкенде интервалдар тәсілін пайдаланудың тиімділігі.
§ 2.5. Математикалық анализдің кейбір есептерін теңсіздіктерді пайдаланып шешу. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет


Математиканыі негізгі мазмұнын құрайтын оқыту материалдарының бірі - теңдеулер мен теңсіздіктер. Есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын басты құрал.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты:  теңдеулер мен теңсіздіктерді құрып, оны шығару әдістерін зерттеу. Жұмыстың басты міндеттері төмендегідей:

  • а) оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің  математикаық әдістерін игеруіне  жәрдемдесу;
  • ә) оқушыларды ауызша  және жазбаша  математика тіліне үйрету
  • б) оқушыларды математика бойынша алған білім, дағдыларын оқу және  өз бетімен білім алу  барысында  белсенді түрде  пайдалана білуге үйрету.

Бұл жұмыстың зерттеу объектісі: теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу. Мектепте оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытатындай теңдеулер мен теңсіздіктерді құру.

Зерттеу пәні: математика оқыту әдістемесі – педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының  белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік  практиканың қарапайым есептерін шешуге, физика, химия, сызу, ақпараттану және есептеу техникасы негіздерін т.б.  пәндерді оқып үйренуге пайдалана  білуге үйренеді, шәкірттердің өз бетінше  білім  алуын қамтамасыз етеді (мысалы,  оқулық және ғылыми-көпшілік әдебиетпен жұмыс).

Іздеу