Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің әдіс-тәсілдері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ ......................
1. СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Сызықтық кеңістіктің дамуы
1.2 Векторлар жүйесінің базисі мен рангісі және эквиваленттілігі
1.3 Матрица және матрицаның жолдық және бағандық рангтері
1.4 Матрицаларға қолданылатын операциялар және олардың қасиеттері
1.5 Квадрат матрицаның анықтауышын табу жолдары
1.6 Анықтауыштардың қасиеттері
1.7 Анықтауыштарды есептеу тәсілдері
2. МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Сызықтық теңдеулер туралы түсінік
2.2.1 Мектеп курсында сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдіс-тәсілдері
2.2.2 Теңдеулер жүйесінің түрлері және оларды шешудің негізгі тәсілдері
2.3 Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің Гаусс тәсілі
2.4 Біртекті теңдеулер жүйесі және оның қасиеттері
2.5 Сызықтық теңдеулер жүйесінің матрицалық түрде шешу
2.6 Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің Крамер ережесі
2.7 Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің Зейдель әдісі
ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....


Тақырыптың өзектілігі: Математика курсын оқытудың кәсіби-педагогикалық бағдарын күшейту және математика мұғалімдерінің сапасын арттырудың маңызды жолдарының бірі- оқу процесінде сызықты теңдеулер жүйесін шешудің әдіс-тәсілдерін қолдана білу маңызды роль атқарады.

Ғылыми жаңалығы: Курс материалы - оқушыларға мектеп курсының материалдарына жоғары оқу орнының жалпы тұжырымдары мен теорияны меңгеруіне және қолданбалы құндылығын  арттыра түсуде өзіндік септігімен  және математиканы тереңдетіп оқытылатын сыныптардың білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. 

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Математика курсын оқытуда сызықтық алгебра ұғымын беру арқылы теңдеулер жүйесін шешудің әдіс тәсілдерінің  қолданылуын практикада  жүзеге асыру.  

Қазіргі уақыттағы жағдайы: Жалпы білім беретін орта мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында сызықтық алгебра элементтері сызықтық кеңістіктің кейбір ұғымдарын: анықтауыштар, матрицалар және сызықтық теңдеулердің негізі мәліметтерін қамтиды. Бұл материал экономикалық мамандық студенттерінің бағдарламасына сай. Экономика саласынан жоғарғы оқу орнының өзіне тән ерекшелігін ескеріп, мыналарға көбірек назар аударылды: матрицалардың және сызықтық теңдеулер системаларын элементар түрлендіруі т. қарастырылды.

Диплом жұмыстың мақсаты: Сызықтық алгебра теориясын оқытуда жалпы білім беретін орта мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында сызықтық теңдеулер жүйесі ұғымын қалыптастыра отырып, теңдеулер жүйесін шешудің әдіс-тәсілдерін шешуді, теорияда алған білімдерін практикада жүзеге асыру, жеке тұлғаны тәрбиелеуде және дамытуда өз функцияларын атқара отырып жалпы педагогикалық мәнге ие болу, болашақ мұғалімдерді өз ойын жеткізе алатын тұлға қалыптастыру.

Жұмыстың міндеті:

  • Жоғарғы математика курсында сызықтық алгебрада кездесетін ұғымдар мен анықтамаларды;
  • сызықтық теңдеулерді шеше білуді;
  • сызықтық теңдеулер жүйесі ұғымын қалыптастыруды;
  • сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілдерін анықтай білуді;
  • математиканы оқыту үрдісінде жеке тұлғаның танымдық мүддесін қалыптастырудың жолдарын білулері тиіс. 

Зерттеу объектісі: Сызықтық алгебраны оқытуда сызықтық теңдеулер түрлерін, мектеп курсында сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдіс-тәсілдерін, анықтауыштар және олардың қасиеттерін, матрица және олардың қолданылуын, сызықтық теңдеулерді шешудің матрицалық әдісін, сызықты теңдеулер жүйесін шешудің Гаусс әдісін, біртіндеп жуықтау әдісін, квадрат түбірлер әдістерін және оның шешілу жолдарын зерттеу болып табылады.

Іздеу