Функцияның табиғатта және техникада қолдануы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе........................................................................................................3
1. Математика курсын оқытуда функция ұғымының қалыптасуы
1.1 Жаратылыстану ғылымдарында ғылыми ұғымдарды қалыптастыру..........6
1.2 Математиканы оқыту және оның ғылыми-жаратылыстық білім беруде алатын орны……...10
1.3 Функция ұғымы және оның қалыптасуы .......................................................13
1.4 Математика курсындағы функция және анықтамасы туралы......................23
1.5 Функцияларды оқыту арқылы пәнаралық байланыстар орнату.............................29
2. Функцияның табиғатта және техникада қолдануы
2.1 Математикалық әдістің көмегімен табылған кейбір физикалық құбылыстар.........33
2.2 Физикалық есептер шығаруда квадраттық функцияның қасиеттерін пайдалану.......39
2.3 Табиғат құбылыстарының өзгеруі................................................................49
2.4 Табиғаттың кейбір географиялық заңдылықтарында функцияны қолдану .............54
2.5 Функцияның берілуі........................................................................................58
Қорытынды..............................................................................................................67
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................................69


Жұмыстың өзектілігі Математика курсын оқытудың кәсіби-педагогикалық бағдарын күшейту және математика мұғалімдерінің сапасын арттырудың маңызды жолдарының бірі- оқу процесінде функция ұғымының қалыптасуын және басқа да ғылым салаларында қолданылуын қалыптастыру мәселесі маңызды роль атқарады.

Ғылыми жаңашылдығы Математика пәнінде орта мектепте және математикалық анализде оқытылатын функция ұғымын қалыптастыру арқылы функция ұғымының ғылымның басқа да салаларда қолданулары.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы Математика курсын оқытуда функция ұғымының басқа салаларда қолданылуын практикада  жүзеге асыру.

Қазіргі уақыттағы жағдайы Бұл материал жаратылыстану бағыты студенттерінің бағдарламасына сай. Жоғары оқу орнының жалпы тұжырымдамалары мен теорияны меңгеруіне, қолданбалы құндылығын арттыра түсуде өзіндік септігін тигізе отырып жоғарғы оқу орнына түсуші талапкерлердің  білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Диплом жұмыстың мақсаты Математиканы оқытуда орта мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында математикалық анализдің негізінде функциялар ұғымын қалыптастыру, жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту функцияларын атқара отырып болашақ мұғалімдерді танымның жалпы әдістерімен қаруландыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері Математикалық анализдің негізгі ұғымдарын, формулаларын, қолданатын жерін;

  • функция ұғымын қалыптастыру;
  • функцияның математикада алатын орнын;
  • функцияның түрлерін;
  • функцияның берілу тәсілдерін;
  • функцияның қолданысын;
  • функцияны практикада пайданауын білуі керек.       

Жұмыстың зерттелу деңгейі Математиканы оқыту және оның ғылыми-жаратылыстық білім беруде алатын орны, математика курсындағы функция және анықтамасы туралы, функция ұғымы және оның қалыптасуын, қолдануын  зерттеу болып табылады.

Теориялық және әдістемелік негізі Кіріспе, екі тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.  Жоғарғы оқу орындарында математикалық анализ курсында қолданылады

Іздеу