Геометриялық фигураларды кескіндеуде Macromedia Flash программасын қолдану (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кiрiспе………………………………………………………..………....…..3
1 бөлім. Геометриялық фигураларды кескіндеуде Macromedia Flаsh программасының ролі.
1.1 Macromedia Flаsh программалау ортасы және мүмкіндіктері .........6
1.2 Macromedia Flаsh программасының жұмсы істеу элементтері........9
1.3 Macromedia Flаsh программасындағы растырлық гафика...............31
2 бөлім. Эксперименттік бөлім
2.1 Macromedia Flаsh программасында текстпен жұмыс жасау ............40
2.2 Macromedia Flаsh программасының интерактивті элементтері ......48
2.3 Геометриялық есептердегі фигураларды программада кескіндеу мүмкіндіктерін көрсету..........53
Қорытынды…………………………………………………………....…..62
Пайдаланылған әдебиеттер…...….....................……………………........63
Қосымша.....................................................64


КIРIСПЕ

Қазiргi уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейi мемлекеттiң даму көрсеткiштерiнiң бiрi ретiнде қарастырылады. Бүгiнде жоғары және үздiксiз бiлiмге деген сұраныстың артуына байланысты бiлiм берудiң түрлi мақсаттағы құрылымдары пайда болуда.

2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз. Электронд оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процессін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Қазiргi кезде бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн компютерді жетік меңгеру  уақыт талабы болып отыр. Білім берудің кез келген саласында компютерлік технологияларды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Солардың бірі компютерлік дайын  Macromedia Flаsh МХ программасы. Бұл программа сабақ өтуде оқытушы үшін дайын көрнекілік. Ал оқушылар үшiн өтілген тақырыпты  түсінікті әрі толыққанды меңгеруге үлкен үлес қосады. Бұл программада жұмыс істеу әрбiр окытушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқушыларға оқып үйрену iсiнде  жеке дара жүргiзу болып саналады.

Сонымен компютерлік көптеген программалар мұғалімге көмекші құрал ретінде де, баланың өз бетімен білім алуына да мүмкіндік беретін оқыту жүйесі ретінде маңызы өте зор. Сол себепті геометрия сабақтарын өткізгенде фигураларды кескіндеуде  Macromedia Flаsh-тің компоненттерімен құрылған программаны пайдаланамыз. Өздеріңіз байқап отырғандай программаның — қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады. Қазіргі кезде ақпараттандырылған қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  Macromedia Flаsh  берер көмегі өте үлкен. Қазіргі кезде осындай бағдарламалық жабдықтамалар түрлері баршылық. Олар интерфейстерімен және жұмыс істеу принциптерімен ерекшеленуі мүмкін, бірак сол жабдықтамаларды оларды оку үрдісін қолдайтын мүмкіндіктер біріктіреді. Осындай бағдарламалардың негізгі кызметтеріне мыналарды жатқызуға болады:

Macromedia Flаsh программалау ортасының негізі жаңадан қаланған. Macromedia фирмасының бұл туындысы қазіргі таңда кең белес алып,етек жайып келе жатқан оңтайлы сайманы. Маған осы ортаға қатысты оқытушы программа құру тапсырмасы берген кезде, оқыту бағдарламмаларын қарастыратын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілгендігін ескердім. Іздену барысында тақырыптарға жіктелген пән мазмұнын құру қажеттілігі белгілі болды. Бұл мазмұндарды ашу — көп жағдайда, оңай тірлік емес. Бірақ, басқарылатын іс-әрекеттер мазмұнын анықтамай тұрып, басқару іс-әрекеттерін жоспарлауға болмайды. Өйткені мазмұн ғана, оқу жүйесіндегі басқарылатын элементтерді бөліп алуға мүмкіндік береді. Ал бөлініп алынған элементтер жиынтығы — басқару жүйесіндегі берілгендер базасын құруға негіз болып табылатын жиынтық.

Мазмұн анықтау жолдарының ең бастысы - дараландырылған оқуға көшу. Мұндай оқу - танымдық іс-әрекеттер мен информация игерудің дараланған процесіне сәйкес келеді. Алайда, ең жоғары оку және тәрбие эффектісі дараландырылған және топтық оқу түрлері бірлігі нәтижесінде ғана алына алады. Бұл бағыттағы қосымша мүмкіндіктер, компьютерлік оқыту, әсіресе, оку процесін оптимальді-әдістемелік басқару барысында пайда болмақ.

Қазіргі психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер көрсетіп отырғандай, мүдделендіру ролінің төмендеуі кез-келген пәнді оқыту нәтижелілігі деңгейін төмендетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мүдделенуді қамтамасыз ету блогының қажеттілігі - түсінікті нәрсе. Шындығына келгенде, оқуға оң мүдделілік қалыптастыру — дидактикалық принциптерді іске асыру тәсілдерінің бірі бола отырып, оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ететін арнайы мәселе ретінде қарастырылуы тиіс.

Тақырыптың  өзектілігі - Математикада геометрияны оқытуда Macromedia Flаsh МХ 8 қолданбалы программасын пайдаланып геометриялық кескіндерді көркемдеп көрсету арқылы оқытудың сапасын арттырып, білімін тереңдете, әрі түсінікті түрде жеткізілуіне, білім беру аумағын жүйелі түрде  кеңейтіп отыруға, ХХІ ғасыр талабына сай болуы.

Ғылыми жаңашылдығы - қазіргі қоғамның математика саласындағы, жалпы білім беру жүйесіндегі практика саласында геометриялық фигураларды көркемдеп салуда мен оқытуда анимацияланған көріністермен беру.

Жұмыстың практикалық маңыздылығыГеометриялық фигураларды кескіндеу мен көркемдеу.

Қазіргі ахуалы (жағдайы) - математика методикасындағы Қазіргі психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер көрсетіп отырғандай, мүдделендіру ролінің төмендеуі кез-келген пәнді оқыту нәтижелілігі деңгейін төмендетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мүдделенуді қамтамасыз ету блогының қажеттілігі - түсінікті нәрсе. Шындығына келгенде, оқуға оң мүдделілік қалыптастыру — дидактикалық принциптерді іске асыру тәсілдерінің бірі бола отырып, оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ететін арнайы мәселе ретінде қарастырылуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Оқуды ұйымдастыруда геометрия пәнінен сапалы нәтижеге жетуге, кез келген тақырыпты меңгеруде кездесетін қиыншылықтарды жеңіп, шәкірттер үшін түсінікті әрі көркемделген кесіндерді ұсынып, білімін тереңдету дипломның негізгі қайнар көзі болып табылады. Кез келген оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып және реттеу блоктарының қажеттілігін көре отырып оқушылардың даярлық және нәтижеге  сенімділігінің деңгейін одан әрі қарай дамытып, жетілдіре түсу. Сондықтан кез келген пәнді оқуда, мақсатының жүйелі, бір нәтиже шығатыдай жоғары деңгейде болуы көзделіп, жүргізілуі тиіс. Macromedia Flesh ортасында Геометриялық фигураларды кескіндеуде кеңінен пайдалану болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті - Оқытуда геометриялық есептердегі кескіндердің көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі есептерді тез, әрі нақты  түсіне білуіне қол жеткізу;

  • Оқушыларға түсіндірудің тиімділігін жоғарылатады және оқытылып жатқан материялдардың меңгеру мүмкіндігі береді;
  • Кез келген пәннің мұғалімі үшін прогамманы қолдану өтеыңғайлы;
  • Дәріс уақытын ұтымды пайдалануға өте тиімді;
  • Ұстаз бен оқушылардың еңбегін практикалық тұрғыда ұйымдастыру;

Зерттеу объектісі - қазіргі таңдағы қолданыста жүрген Macromedia Flash программасы және осы программада геометриялық фигураларды кескіндеумен, өзгеде мүмкіндіктері.


Жүктеу

Іздеу