Математика пәнінен дидактикалық материалдар принциптерін құру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ............................................................................................................
1. ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ..............................
1.1 Мектепте 9 сынып алгебра пәнін оқытудың негізгі принциптері...........
1.2 Алгебра пәнінен дидактикалық материалдарды құрудың психологиялық ерекшеліктері............
2. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ.........
2.1 Математикалық ұғымдарды оқып үйренудің негізгі дидактикалық бірліктері...............
2.2 Алгебра пәнінен өзіндік жұмыс, бақылау жұмыс тест тапсырмаларын құру...............
3. САБАҚ ҮРДЕСІНДЕ ТЕСТ, , БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ, ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ БЕРІЛУІ.
3.1 Математика сабағында тест тапсырмалардың берілуі...........................
3.2 Өзіндік жұмыстың математика сабағында берілуі.................................
3.3 Бақылау жұмысының математика сабағында берілуі............................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................


Тақырыптың өзектілігі Қазіргі орта мектептердің білім берідің жаңа мазмұнына көшуі, соның ішінде мектептегі математика курсының қазіргі ғылымның негізгі ұғымдарымен, идеяларымен әдіс – тәсілдерімен жақындасуы және оқушылар алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге баулу, білім деңгейлерін оқыту аймағында кеңейту.

Ғылыми жаңашылдығы:  Еліміз орта білім беру саласына 12 сыныптық жүйені енгізу мәселесін көтеріп отырған қазіргі уақытта, мектептегі оқытылатын негізгі пәндердің әдістемлік базасына жаңалықтар енгізу арқылы білім сапасын көтеру және мұғалімге арналған методикалық құралдарда жүзеге асырылады. Бұл принциптің басты шарттары:

  1. білімнің мазмұны ғылымның қазіргі деңгейіне сай болуы;
  2. ғылыми танымның жалпы әдістері жайындағы оқушыларда дұрыс түсініктер қалыптастыру;
  3. таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету болып табылады.

Практикалық маңыздылығы: Математиканы оқыту процесін оқушылар алған білімін ұзақ уақыт есте сақтайтындай, оларды одан әрі өрістететіндей және есеп шығару іскерліктерін дамыту.

Қазіргі уақыттағы жағадайы: Қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқудың жаңа мазмұны, әдіс амалдары дидактикалық талаптарға сай психологиялық – педагогикалық міндеттерін көздейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Мектеп оқушыларының бойында өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыру – оларды ғылыми білімдер жүйесімен қаруландыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

  • Теориялық білімді практикада іске асыру;
  • Танымдық теорияны дидактика материалын ұтымды пайдалану;
  • Танымдық қызметін іс - әрекетте жүзеге асыру;
  • Қабілет пен икемділікті дамыту және шығармашылықты ұштау;
  • Оқушылардың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін меңгерту;
  • Мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;

Зерттеу объектісі: Біздің зерттеуіміздің нысаны болып отырған тақырыбымыз, жалпы дидактиканың принциптеріне және математиканы оқытудың әдіс – тәсілдеріне сүйене отырып, мектептегі алгебра пәніне дидактикалық материалдарды құру принциптеріне жаңа көзқарастар енгізудің жолдарын қарастырады.

Теориялық және әдіснамалық негіздері: Білімнің теориясын жүзеге асыру үшін математиканы  оқыту кезінде оқу материалын анық әрі қысқа баяндап, әрбір теориялық жаттығуларды практикалық мысалдар мен қуаттап үйрену және оқушыларға ұсынылатын есептер мен жаттығулардың жүйелілік  сипатына ерекше назар аудару,  өзіндік жұмыстардың алуан  түрлерін (бақылау, өзіндік, тест тапсырмаларды) тиянақты орындай білу және есептерді шығаруда қолдана білу.

Іздеу