Орта мектепте теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде жаңа технология әдісін пайдалану (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................................3
1. ОРТА МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢДЕУЛЕР
МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ШЕШУ
1.1 Бір айнымалысы бар теңдеулер........................................................................6
1.2 Квадрат теңдеулер..............................................................................................9
1.3 Екі айнымалысы бар теңдеулер......................................................................12
1.4 Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер........................................................18
1.5 Үшінші және төртінші дәрежелі теңдеулерді шешу.....................................20
1.6 Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу........................................26
1.7 Орта мектеп бағдарламасында теңсіздіктердің қасиеттері және оларды дәлелдеу................29

ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.
2. МАТЕМАТИКАНЫ ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІ........................................33
2.1 Деңгейлеп оқыту технологиясын математика пәніндегі теңдеулер мен теңсіздіктерде қолданудың тиімділігі..........36
2.2 Математиканы оқытудың эврестикалық және программаланған әдістерін теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде пайдалану.....40
2.3 Мектепте математика пәнін оқытудағы жаңа технологиялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі.........45
2.4 Саралап оқыту әдісі (Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы)...........48
2.5 Модульдік оқыту әдісі..........................51
2.6 Математикалық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және сабақта кіріктіре оқыту әдістемесі...........65
2.7 Орта мектепте теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің жолдары мен әдіс-тәсілдері..........67

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................73

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................75

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................76


Математикалық білім беруді дамытудың стратегиялық бағытын және алдын-ала болжаудың біртұтас кешендік мәселелері айқындалып, оның қазіргі кезеңдегі математикалық мәдениетінің бір элементі ретіндегі орны мен мақсаттарын анықтау проблемаларын шешу қажет, яғни оқушылардың меңгеру деңгейіне қажетті және тиімді мазмұн көлемін анықтайтын, қазіргі талапқа сәйкес математикалық білім негізін жете зерттеу мәселесі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сонымен жаңа технология бойынша жоғары мектептерде теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әдістемесін жетілдіру, оқыту мазмұнының қолданбалық бағытын күшейту, алған білімдерін практикада қолдануға талпындыра отырып, оқыту процесінің әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімді жолдарын кешенді түрде игерулеріне мүмкіндік береді.

Тақырыптың өзектілігі: Орта мектепте теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері арқылы оқыту.

Ғылыми жаңашылдығы: Бұл дипломдық жобаның жаңалығы – орта мектеп математика курсында оқытылатын теңдеулер мен теңсіздіктердің жаратылыстану ғылымында алатын орнын, әсіресе қазіргі өмір талабына сай теңдеулер мен теңсіздіктерді жаңа технологиялық бағдарламамен оқыту және олардың тиімді жолдарын қарастыру.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы:  Теңдеулер мен тесіздіктерді жаңа технологиялық әдіспен  шешуде теорияда алған білімін  практикада  жүзеге асыру.

Қазіргі ахуалы: Студенттердің белгілі бір математикалық мәдениетін немесе олардың ғылыми, әсіресе математиканы оқытудың практикалық және қолданбалы бағыттарының мәнін түсіну, сол сияқты математикалық модельдеудің әдістерін меңгеру мен пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру іскерлігі сияқты көзқарастырын қалыптастыру тұрғысынан болашақ мұғалімдердің іргелі математикалық дайындықтарына атқарар маңызы зор.  

Диплом жұмыстың мақсаты: Еліміздің экономикасы артып, мектептердің техникалық базасы нығайып, арнайы компьютерлік техникалармен, оқытудың модульдік, деңгейлік, саралап, ақпараттық-коммуникативтік, эврестикалық және программаланған технологиялары арқылы оқыту.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Жалпы әлеуметтік пәндік және пән аралық біліктіліктіі игеруді қалыптасытру,яғни алынған білімді қолдану тәсілдерін меңгерту;
  • Оқушылардың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін меңгерту;
  • Мұғалімдердің инновациялық және ақпараттық технолгияларды қолдануы;
  • Сабақ уақытын тиімді пайдалану;
  • Мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;
  • Оқушыларды бағалауда уақытты тиімді пайдалану.

Зерттелу обьектісі:  Жоғары оқу орындарында математика курсында оқытылатын теңдеулер мен теңсіздіктердің шығу тарихы, теңдеулер мен теңсіздіктердің негізі ұғымдары арқылы  оларды шешуде тиімді жолдарын есептер шығаруда қолдану, математиканың информатика және физика пәндерімен өзара байланысты  арттыру, теңдеулер мен теңсіздіктердің ұғымы, теңдеулер мен теңсіздіктерді жаңа технологиялық ақпараттармен  шешу жолдарын зерттеу болып табылады

Іздеу