Үшбұрыштарды оқыту әдістемесін жаңа ақпараттық технологиялармен кірістіру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе…………………………………………………………………………….4
1. МЕКТЕП КУРСЫНДАҒЫ ГЕОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҚТАРЫ........7
1.1 Мектеп курсындағы геометрияны оқытуға қойылатын педагогикалық және психологикалық талаптар. Педагогика және психология ғылымдарның көкжиектері..........7
1.2 Халық педагогикасын геометрия сабақтарында насихаттау…………….8
1.3 Геометрия сабақтарындағы оқушылар білімін дамыту………………….9
1.4 Оқушылар білімдерін жүйелеу…………………………………………….9
1.5 Оқушылардың білімін дамытуда пайданылатын оқытудың заңдылықтары…………10
1.6 Оқушыардың математикалық қабілеттерін дамыту……………………..11

2. ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕ………………………………………………………….14
2.1. Геометрия сабағында қойылатын жалпы мақсаттар……………………..14
2.2. Геометрия сабақтарында қойылатын арнайы мақсаттар………………17
2.3. Геометрияны оқытудың негізгі дидактикалық принциптері………….18

3. ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ - САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ................21
3.1.Үшбұрыш ……………………………………………………………….…….21
3.2.Үшбұрыш элементтері……………………………………………………….23
3.3.Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың болатыны туралы……………….25
3.4.Теоремалар және дәлелдемелер ……………………………………… ....…25
3.5.Үшбұрыштар теңдігінің белгілері…………………………………….……..26
3.5.а Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі…………………………………26
3.5.ә Теоремаларды дәлелдеуде аксиомаларды пайдалану……………….….27
3.5.б Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі………………………….……….28
3.5.в Тең бүйірлі үшбұрыш……………………………………………….…….29
3.5.г Кері теорема……………………………………………………….........….30
3.5.ғ Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы…….……....…30
3.5.д Тең бүйірлі үшбұрыштың медианасының катеті……………….....…….31
3.5.е Үшбұрыштар теңгінің үшінші белгісі........................................................32
3.6. Оқулық бойынша өз беттеріңше қалай дайындалуға болады....................33
3.6.а Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы..............................................35
3.6.ә Үшбұрыштың сыртқы бұрыштары............................................................36
3.6.б Тік бұрышты үшбұрыш..............................................................................36
3.6.в Үшбұрыштың орта сызығы........................................................................37
3.6.г Үш элементі бойынша үшбұрыш салу......................................................38
3.6.ғ Үшбұрыштың тамаша нүктелері...............................................................39
3.6.д Пифагор теоремасы.....................................................................................41
3.6.е Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу.........................................................42
3.6.ж 30°, 45° және 60° бұрыштар үшін синустың, косинустың және тангенстің мәндері.......44

4. САБАҚТЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ........46
4.1 Математика сабағын компьютер арқылы жүргізудің әдістемелік нұсқаулары.....46
4.2 Үшбұрыштарды шешу тарауын қорытындылау.....................................49
4.3 Үшбұрыштарды шешу тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін
тексеру мақсатында қорытынды сабағы (сабақ жоспары).
Үшбұрыштың түрлері.....................................................................................52
4.4 Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану.....................................57
Қорытынды...........................................................................................................69
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................71
Қосымшалар.........................................................................................................72


Тақырыптың өзектілігі: Жұмысымыздың педагогикалық жағын ашып көрсетуде әдебиеттерді  пайдаланып, талдаулар жасау арқылы оқушыға пәндік тәрбие, адамгершілік  тәрбие, эстетикалық  тәрбие  және  т.б. іскерліктерін  қалыптастыру  мақсатында  жұмыс  жасалған. Мектеп курсындағы математикадан оның ішінде геометрия оқу үрдісі және сабаққа қойылатын мақсаттарды жүзеге асыру барысында кейбір қиындықтар кездесіп жүргенін практикада дәлелдеп отыр. Сондықтан бұл үзілісті толықтыру үшін ұсыныс қажет. Осы саланы қарастырғанда біздің зерттеу тақырыбымыздың актуалдылығы анықталады. Сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерін жасап, оның әрбір бөлімдеріне компьютер мен интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасау және оларды күнделікті сабақтарда пайдалану құрлымын көрсету.

Ғылыми жаңашылдығы: Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға берілген тақырыпты түсіндіру.

Практикалық маңыздылығы: Көрнекі құрал ретінде жаңа технологияларды пайдалану. Оқушылардың өздеріне арнайы бағдарламалармен жұмыс істету.

Қазіргі ахуалы (жағдайы): Қазіргі таңда сабақта жаңа технологияларды кірістіре оқыту мәселесі әлі зерттелу үстінде.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Геометрияны оқытудың басты мақсаттарының бірі оның теориялық негіздерін білу және оларды  практикада  қолдану дағдыларын меңгеруде. Сонымен қатар оқушылардың логикалық ойлауын, дәлелдеу қабілетін, талқылауларды себептеу, ойды дәл және анық тұжырымдай білу мәселелері де маңызды міндеттер болып табылады. Геометрияның мектептік курсын оқытуда бұдан басқа да мәселелер шешіледі. Олар: оқушылардың кеңістік түсiнiгi мен елестете бiлуiн дамыту, қоршаған ортаны геометриялық тұрғыдан көре білу және т.б. Орта мектепте «Үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда кәзіргі заманғы жаңа технологияны пайдаланып, сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерін ұсыну.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:«Үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда кәзіргі заманғы жаңа технологияны пайдаланып, сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерін ұсынуда төмендегідей ерекшеліктерді қарастыруға болады:

  1. оқушылардың пәнге, білімге және жаңа технология құралдарын меңгеруге деген қызығушылығын арттыру;
  2. оқу процесінің дидактикалық материалдарының сапасын жоғарылату;
  3. оқушылардың компьютер мен интерактивті тақтамен жұмыс істеуі мен сабақтағы белсенділігін көтеру;
  4. оқытудың сапасын арттыру және тағы басқалар;

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектепте математиканы оқыту бастауыш сыныптарда басталады. Ондағы геометрия элементтері төменгі сыныптардан бастап жоғары сыныптарға дейін дамып отырады да, жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделене береді. «Математиканы оқыту әдістемесі» мектептегі математика курсының жалпы ғылыми оқу- әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылғандықтан, «Үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда кәзіргі заманғы жаңа технологияны пайдаланып, сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерін ұсыну, зерттеу оъектісі болып табылады.

Іздеу