Адамгершілікке тәрбиелеу (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық аспектілері 5
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты 5
1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң
педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі 7
2 Мектепте адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі ерекшелігі 20
2.1 Білім берудегі ізгілендіру мәселесі 20
2.2 Ұлттық педагогикада адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі 26
3 Тәжірибелік бөлім 30
Қорытынды 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі 40


Кіріспе

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.

Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi .  Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.

Осыдан зерттеу жұмысының мақсаты: адамрегшілікке тәрбиелеудің негіздерін зерттеу

Міндеттер:

  • Адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық аспектілерін ашу;
  • Адамгершілік ұғымының теориялық сипатын келтіру;
  • Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуін анықтау,
  • Мектепте адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі ерекшелігін талдау;
  • Білім берудегі ізгілендіру мәселесін шешу;
  • Ұлттық педагогикада адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне талдау жасау;
  • Тәжірибелік бөлімде тәрбиелеубарысында адамгершілікті қалыптастыру жолдарын көрсету.

Іздеу