Балалар ұжымының даму кезеңдерінің қалыптасуы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Балалар ұжымының теориялық аспектілері 5
1.1 Балалар ұжымы жөнінде түсінік 5
1.2 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы 6
2 Балалар ұжымының даму кезеңдерінің қалыптасуы 11
2.1 Ұжымның даму кезеңдері мен олардың сабақтастығы 11
2.2 Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі
мұғалімнің ролі 19
3 Оқушылар ұжымын қалыптастырудың жолдары мен әдістері 26
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32


Кіріспе

Балалар ұжымы жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу, әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оның жеке тұлғаға деген ықпалы ұжымның мақсаттары мен міндеттері ұжым мүшелері тарапынан қандай деңгейде сезіледі, сонымен қатар ұжымдық мақсаттар мен міндеттер жеке ретінде қандай деңгейде сезіледі. Жеке тұлғалық және әлеуметтіктің біртілі ұжымдық пайдалы қызмет барысында туындап ұжымда толық көрініс алады.

Ұжымдылық ол топтағы ынтымақтастық сезімдер, өз өзін топтың бір бөлігі ретінде сезіну, топпен қоғамның пайдасына  қызмет етуге деген дайындық.

Мектеп ұжымында ұжымдылықты қалыптастыру алуан түрлі құралармен іске асырады: оқу барысында серіктестіктерді, өзара көмекті ұйымдастыру,  ортақ еңбек, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, мәдени көпшілік шараларда, спорт мероприятияларында оқушылар жұмысын ұйымдастыру, т.с.с

Сонымен оқу тәрбие ұжымы ол арнайы ұйымдасқан топ, оның мүшелері ортақ мақсаттарды, құндылықтарды үшін ортақ екендігін сезеді.

Ұжым әлеуметтік арнайы ұйымдастырылған оқушылар бірлестігі ретінде бір уақытта пайда болмайды. Ұжымды қалыптастыру арнайыкезеңдерден және сатылардан өтіп бірақ ұйымдасады.

Алған рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрдеанықтап неіздегендірдің бірі А. С. Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда  педагогтың міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процессі жатады деп атаған.

Қазіргі кезде ұжымды дамыту барысында кезеңдерді зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысады. Л.И.Новикова бойынша  ұжым дамуының үш кезеңі бар: біріншіден, ұжымның қалыптасу кезеңі, екіншіден, ұжым оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы, үшіншіден,  кез келген ұжым тәрбиеленушінің  әлеуметтік тәжірибесін коррекциялау және шығармашылық жеке тұлғалық  ерекшеліктерді дамыту.

Соңғы жылдары ұжым деп жоғары ыңтымақтастық деңгейі, интегративті қызмет, ұжымдық бағыты бар адамдар тобын ғана атайтын болды (Я. Л. Коломинский, А. В. Петровский, Л.И.Уманский)

Топтың аса негізгі және маңызды қасиеті оның әлеуметтік психологиялық жетілгендік деңгейі. Сол сияқты жетілгендіктің жоғары деңгейі топты жаңа әлеуметтік құрылым ретіндегі ұжымдық топқа айналдырады.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: балалар ұжымының дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуын зерттеу.

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Балалар ұжымының теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Балалар ұжымы жөнінде түсінікке сипаттама беру;
  • А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымына талдау жасау;
  • Балалар ұжымының даму кезеңдерінің қалыптасуын анықтау;
  • Ұжымның даму кезеңдері мен олардың сабақтастығын зерттеу;
  • Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі мұғалімнің ролін анықтау;
  • Оқушылар ұжымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін келтіру.

Зерттеу объектісі: оқушылар ұжымы

Зерттеу пәні: оқушылардың ұжымы қалыптасуы кезінде туындайтын педагогикалық құбылыстар, байланыстар, заңдылықтар.

Зерттеу әдістері: ғылымилылық, талдау, жүйелеу, қорытындылау.

Зерттеу болжамы: оқушылардың ұжымын қалыптастыру күрделі педагогикалық процесс, оны терең зерттеп,танып білу арқылы ғана оқыту және тәрбиелеу жұмысының басты мақсаттары іске асырылып, жан жақты дамыған және әлеуметтік ортада қызмет ете алатын жеке тұлға қалыптасады.

Іздеу