Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Тәрбие жұмысының теориялық аспектілері 5
1.1 Тәрбиенің жалпы заңдылықтары 5
1.2 Тәрбиенің басты принциптері 7
2 Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы 13
2.1 Бастауыш мектеп тәрбие әдістерін қолдану ерекшеліктері 13
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу 21
2.3 Бастауыш мектепте балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастыру 24
Қорытынды 30
Қолданылған әдбиеттер тізімі 32


Кіріспе

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпактың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзкарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Балалық шақ бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.

Тәрбиенің сан-салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын күнделікті өміріміздегі карапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - бастауыш мектеп болып табылады. Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де, зерделілігі де анағұрлым жоғары болмақ.

Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл баланың кішкене кезінен бастау алып, өмір баспалдақтарында шындалып, біртіндеп қалыптасатын қасиеті.

Ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда бүгінгі қоғамның барлық күшін жалпы оку-тәрбие саласына жұмылдыруымыз керек.

Адамгершілік тәрбиенің ең жоғарғы түрі - бауырмалдык, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, интернационалдық қасиетті қастерлеу. Ал бұл пікір халықтың асыл ойының түйіні мақал-мәтелдерден өзекті орын алған. "Отан от басынан басталады", "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол" және т.б.

Халық бала тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп ескен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асырып келеді. Оған айқын айғақ елімнің бостандығы мен ар-намысы үшін құрбан болған азамат соғысының ардагер батырлары мен кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан мыңдаған қазақтың батыр ұл-қыздарының ерлік істері айғақ бола алады. Міне, қиын қыстау кезенде оларды алға ұмтылдырған күштің кайнар көзі - алтын бесігінен жастайынан алынған тәрбиесінде, бойына ана тілі, туған елінің асыл қазынасы ауыз әдебиеті арқылы сіңген батырлық, өжеттік, отансүйгіштік касиеттерде еді. Осы пікірді тебірене сезініп, терең топшылаған халық: "Ерлік тәрбиеден туады", - деп текке айтпаған.

Адам бойына жақсы мінез-құлық қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаға да байланысты, оку-білім тәлім-тәрбие мәселесіне байланысты.

"Тәрбиесін тапсам адам болар, оқуын тапсам білім қонар", "Қарағайға қарап тал өсер, қатарына карап бала өсер" деген мақалдың мағынасында үлкен мән жатыр.

Ертеңгі болашағымыз бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Шәкірттің рухани жандүниесін бүкіл әлемдік біліммен сусындатып, туған халқының ғасырлар бойы жинақтаған қазынасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық өнегелерін санасына құйып, ұлы Абай айтқан "Көкірек көзін оята" тәрбиелеу ата-анадан басталып, мектепке жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы болып саналады. Өз жеткіншегін жан-жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын мақсаттарының қатарына жатқызуға тиісті. Еліміздің тәуелсіздігі, оның болашағының берік те тиянақты, тамыры болуы жас ұрпақтың ұлттық санасынын дамуына, өз еліне, өз жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімнің тереңдігіне байланысты екені баршаға белгілі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына тиісті тәрбие жұмысы

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

Тәрбие жұмысының теориялық аспектілерін зерттеу;

Тәрбиенің  жалпы заңдылықтарына талдау жасау;

Тәрбиенің басты принциптерін ашу;

Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету;

Бастауыш мектеп  тәрбие әдістерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу;

Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ерекшелігіне талдау жасау.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмысы

Зерттеу әдістері: педагогикалық процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық негіз.

Зерттеу болжамы: бастауыш сыныптарда тәрбие жұмысын жүргізуерекшелігін жетік зерттеп танып білу арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларында тәрбие жұмысында табыстылыққа жетуге болады.

Іздеу