Дидактикалық ойын (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ойын әрекетінің дидактикалық аспектілері 5
1.1 Ойын түсінігі, дидактикалық мазмұны 5
1.2 Ойын түрлері 8
2 Балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның атқаратын орны 12
2.1 Балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның ерекшеліктері 12
2.2 Дидактикалық ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру 19
3 Тәжірибелік бөлім 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға ойындар, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі балаладың тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін,  тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты.  Мектеп жасына дейінгі   балалар дидактикалық ойын арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Ойын  әрекетінде бала сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.

Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс оқытушы мен бала тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді..

Зерттеу мәселесі: А.Байтұрсыновтың жазуға үйрету әдісі жайлы «...сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек....Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек», – дей отырып, сөйлеудің жазба түрінің күрделі екеніне көңіл бөліп, жазуға үйретуге ерекше мән берілуі тиіс екендігін айтады.

В.В.Давыдовтың еңбектеріне оқу материалының тек сыртқы белгілерін ғана санамалап оқыту мектеп жасына дейінгі   балаларының ақыл-ой даму қарқынын төмендетіп, өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыруға кедергі келтіретіні жайлы пікірі бар. Дамыта оқыту теориясын жасаған В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков т.б мектеп жасына дейінгі   балаларының теориялық ойын дамытуға мүмкіндік бар екенін анықтады.

Зерттеудің мақсаты: дидактиалық ойын мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың құралы ретінде

Зертеу объектісі: мектепке дейінгі балалар.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • ойын әрекетінің дидактикалық аспектілерін зерттеу;
  • ойын түсінігі, дидактикалық мазмұнын ашу және талдау;
  • ойын түрлеріне сипаттама беру;
  • балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның атқаратын орнын анықтау;
  • балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның ерекшеліктерін зерттеу;
  • дидактикалық ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру жолын келтіру;
  • тәжірибелік бөлімде мектепке дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы тілін дамыту әдістемесін келтіру.

Іздеу