Діни мәдениет (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Діни мәдениеттің теориялық аспектілері 5
1.1 Діни және мәдениет түсінігі 5
1.2 Дін – тәлім – тәрбие бастауы 9
2 Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері 15
2.1 Имандылық діни мәдениеттің негізі 15
2.2 Болашақ ұрпақта діни мәдениет негіздерін
қалыптастыру ерекшеліктері 18
2.3 Оқушыларда дінтану пәні арқылы
толерантты қабілеттерін қалыптастыру жолдары 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Қосымшалар 28


Кіріспе

Ұрпағын «тек» деп өсірген ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға мәлім. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, кемшіліктің қайдан екенін түсінуге болады. Кезінде жазуды білмейтін, хат танымайтын халық небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазыларды тәрбиелеп өсірді. Бірақ қазір ұры, алыпсатар, маскүнем, нашақор, алаяқтарды көбейтіп алып, күйені заманның кезеңіне жаққымыз келеді. Бұл жерде өзгерген тәрбие ағымына назар аудармаймыз. Сондықтан уақыттың өткенін емес, ақылдықтың кеткенін, жойылған тұсын іздестіргеніміз жөн сияқты.

Дін негізінен адамды рухани жағынан, яғни әдеп, иба, ынсап, қанағат, мейірім, шапағат, жанашырлық, бауырмалдық, адалдық, ізгілік тәрізді Жан тазалығына тәрбиелеу мектебісынды. Біздің ата-бабамыз талабына, икеміне қарай ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беріп отырған. Ендеше тәрбие үрдісінде біз имандылық тәрбиесіне баса назар аударуымыз керек.

«Ислам діні-біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып, тәртіпті, тәрбиелі-ел боп өмір сүруімізге көп қызмет еткен дін. Діннің арқысында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған,» - деп діннің тәрбиелік мәнін ғалым, профессор Мұхтар Арын айқын көрсеткен.

Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «... халық Алласына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе,» - деген екен. Олай болса мен өз жұмысымда діннің адамгершілік қасиеттерді, салауаттылықты қалыптастыруға қатысты салаларын қарастырып, оны өзім сияқты жастарға уағыздауды жөн көрдім.

ХХІ ғасырға аяқ басқан мына аласапыран заманда әлемдік деңгейде өтіп жатқан ғаламдастыру сияқты қатпары әрі астары тұңғиық терең түрлі процесстерге төтеп беріп, ұлттық сана мен болмысты сақтап қалу үшін жеке этносқа алдымен өз дініне беріктік керек. Өйткені діннің ұлт болашағы – жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде атқарар міндеті айрықша.

Болашақтан үміт көріп отырған әрбір адам міндетті түрде тал бесіктен бастап ата-бабамыз ұстанған Ислам діннің тәлім-тәрбиесін ұрпағының санасына құя білген ләзім. Ал, бүгінгі күні, өкінішке орай, бала тәрбиесіндегі рухани сұраныстар назардан тыс қалып, басты мақсат «Тамағы тоқтық пен көйлегі көктік» деңгейіне жеткізу ғана болып отыр.

Дін – тәрбие құралы, көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз. Өз дінінің қадір –қасиетін сезбеген, елінің тарихына бейхабар жанның ұлт мүддесіне жаны ашымасы белгілі. Оның кейбір көріністерін күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз. Әлемдегі әйгілі ұлы тұлғалар аса сүйіспеншілікпен Ислам туралы көп пікір айтқан. Олардың бәрі Исламның экстремистік – террористік ағым емес, адамзат өркениетінің бөлінбес бір бөлігі, адамгершілікке негізделген ғажайып пәк қоғам, ғылым – білімнің қайнар көзі ретінде қарастырады. Ал біз, өзгелер ұлықтап жатқан өз дініміздің қағидаларын оқып білуге, тереңірек тануға енжарлық танытып жатамыз.

Мен өз жұмысымда осы олқылықтың орнын толтыруға, дін қағидаларын, оның өмірлік мәнін тереңірек тануға талпыныс жасадым. Жастар арасында болып жатқан: нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық істер, аурулар – барлығы қоғамдық және экономикалық жағдайдың жайсыздығы және де басқа қолайсыз жағдайларға байланысты деп ойлаймыз. Шындығында осы жайсыздықтың барлығы әр адамның өзіне байланысты. Адамның және қоғамның рухани балығының ыдырауы ол адамзаттың моральдық байлығы жоғалуына байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты: діни мәдениетті зерттеу

Зерттеу жұмысының мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Діни мәдениеттің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Діни және мәдениет түсінігін ашу;
  • Дін – тәлім – тәрбие бастауы ретінде зерттеу,
  • Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздерін зерттеу;
  • Имандылық діни мәдениеттің негізі ретінде талдау;
  • Болашақ ұрпақта діни мәдениет негіздерін қалыптастыру ерекшеліктерін көрсету;
  • Оқушыларда дінтану пәні арқылы толерантты қабілеттерін қалыптастыру жолдарын анықтау.

Іздеу