Жеке тұлғаны қалыптастыруда музыканың тәрбиелік мәні (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі
замаңғы талаптары 5
1.1 Жеке тұлғаны қалыптастыру педагогикалық
проблема ретінде 5
1.2 Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру бағыттары 7
2 Жеке тұлғаны қалыптастыруда музыканың тәрбиелік мәні 10
2.1 Музыканың тәрбиелік мәні жөнінде теориялардың
эволюциясы 10
2.2 Қазіргі заманда музыканың тәрбиелік мәні 15
3 Қазақ халқының музыкалық тәрбиесінің ролі 20
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «қазақстан республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарға айрықша көңіл бөлген. Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастырутыруға тікелей байланысты.

Музыкалық білімнің тәрбиелік мәні адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбие алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірбиені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.

Музыка өнерінің халықтың ой санасына тікелей әсер етер құдірет күшін жақсы түсінген хан-сұлтандар, байлар мен билер, дін иелері мұны өздерінің таптық мүддесіне еркін пайдалана білді. Халықты мәңгі қараңғы қапаста, надандықта ұстау үшін және оларды өздеріне тәуелді ету ниетімен бай-сұлтандар өз айналасындағы ақындардың, әнші-күйшілердің өнердің феодалдық қоғамды және үй іші өміріндегі ескі салтты мадақтауға, ру тартыстарын шиеленістіруге бағыттады; «әлемдегі жақсылық, жамандықтың бәрі алла ісі, оған көну мұсылманның міндеті» - деген кері тартпа діни саясатты жағымпаз ақын, әншілерге мықтап уағыздатты. Халық мүддесіне адал қызмет етіп, оның мұңын-мұңдап, жоған-жоқтаған ақындар, әншілер, күйшілер феодалдық қоғамның реакциялық идеологиясына қарсы шықты. Мысалы: Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы сияқты халық композиторларының музыкасында еңбекші бұқараны еркіндікке, жақсы өмірге шақырған демократиялық тенденция өрши түсті. Халық өміріндегі демократия тенденциясының одан әрі дамуына алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті елеулі әсер етті. Қазақтың Ш. Уалиханов, А. Құананбаев, Ы. Алтынсарин көрнекті атқарушы қайраткерлер орыс мәдениетінің жалынды насихатшылары болды. Халық өз ортасынан көпшілікке арман мүддесін қорғаған әділетшіл ақындарды, әнші-күйшілерді шығарды. Мұндай өнер адамдары өз шығармаларында бай феодалдардан пайда үнемдігін, қомағайлылығын, билердің жемқорлығын қатығездігін бетіне басып әшкерелеп отырды. Бұрын композитордың шындық кәсібін анықтайтын арнаулы атау болмады, өйткені халық композиторларының творчествосы басқа да өнер қайраткерлерінің ісімен тығыз байланыста болды. Халық композиторы өз әнінің сөзін өзі шығаратын ақын әрі сол әнді бірінші орындаушы, ал күшті композитор болса, ол шебер домбырашы болды. Егер орындалған ән немесе күй жұртшылыққа ұнап, тыңдаушы жүрегіне жол тапса, онда мұндай шығармалар басқа орындаушылардын да репертуарынан орын алып, көпшілік арасына кеңінен. Осындай әншілік, күйшілік, орыдаушылық өнердің жолында өнерпаздар көпшілік қауымнын алдында әнші-күйші сарапшылардың тиісті бағасын алды

Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.

Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыруда музыканың тәрбиелік ролін зерттеу

Міндеттері:

  • Жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі   замаңғы талаптарын зерттеу;
  • Жеке тұлғаны қалыптастыру педагогикалық проблема ретінде анықтау;
  • Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру бағыттарын зерттеу;
  • Жеке тұлғаны қалыптастыруда музыканың тәрбиелік мәнін талдау;
  • Музыканың тәрбиелік мәні жөнінде теориялардың эволюциясын зерттеу;
  • Қазіргі заманда музыканың тәрбиелік мәнін анықтау;
  • Қазақ халқының музыкалық тәрбиесінің ролін зерттеу.

Іздеу