Инновациялық оқыту әдістемелері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31


Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді

Бұл бүгінгі мектептегі білім беру мазмұнына қатысты іс-шараларды жақсартуды, оқыту үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын пайдалануды, әрі оқушыға берілетін білімді, іскерлікті және дағдыны жаңаша түрде меңгертуді қажет етеді. Осы арқылы еліміздегі білім беру жүйесі егжей - тегжейлі зерделеніп жатса да, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер жетерлік екендігі байқалады. Осыған сәйкес зерттеу жұмысымызда білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамыту мақсатындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Мәселен, білім беру мазмұнына оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда қолдану мәселелерін А.П. Сейтешов, В.В. Егоров, инновациялық технологиялар мазмұнын - Г.Т. Хайруллин, Б.К. Момынбаев, инженерлік-педагогикалық білім беру мазмұнын - Ю.К. Васильев, М.Н. Скаткин, С.Я. Батышев, О. Сыздық, білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың сипатын, ерекшеліктерін, түрлерін, тәжірибесін - Б.С. Гершунский, Н.Г. Юсуфбекова, О.Г. Хомерики, Ш.Т. Таубаева, И.В. Баранова қарастырған.

Қоғам талаптарына сай білім беру мазмұнын өзгерту мәселелері В.П. Есипов, Н.К. Гончаров, Т.А. Ильина, И.Т. Огородников, В.С. Леднев, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, В.С. Безрукова, И.П., И.П. Подласый,  В.А. Сластенин,  И.Ф. Харламов, Қоянбаев Ж.Б., С.С. Тілеуова  және т.б. еңбектерде орындалған

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайыңцық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Курстық жұмыстың мақсаты оқытудың инновациялық әдістерін оқу бағдарламасында қолдану ерекшеліктерін зерттеу

Міндеттері:

  • Инновациялық оқытудың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Инновациялық оқыту түсінігін ашу;
  • Инновациялық оқытудың негізгі ілімдерін зерттеу;
  • Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдануды талдау;
  • Сын тұрғысынан ойлау әдістемесін зерттеу;
  • Ойын технологиясын пайдалануды талдау;
  • Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдерін зерттеу;
  • Монаховтың педагогикалық технологиясын сабақ барысында қолдану.

Іздеу