Кәсіптік - техникалық педагогика (Мәлімет)

Кәсіптік - техникалық педагогика негіздері 1
1.2. Кәсіби педагогика–педагогика ғылымының бір тармағы мен оқу пәні. 7
1.3. Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары. 8
2.2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері. 12
2.4. Кәсіптік білімді басқару теориясы 14
Мемлекеттік жұмысшы кадрларды дайындау әлеуметтік және ғылыми мәселе.  – 17
Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылымы мен жалпы сипаттамасы. 19
3.3 Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі. 20
Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. 21
Білікті жұмысшы мамандар дайындау мәселесіне қазіргі ғылыми көзқарас. 22
Жұмысшының жеке қасиеттерінің қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау. 22
Кәсіби шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері. 24
Акмеология пәні және оның міндеттері. 24
Бастауыш кәсіптік білім стандарттарын әзірлеудің методологиясы. 29
Құзыреттілікке негізделген стандарттар. 31
Кәсіптік мектептерде білім мазмұнын қалыптастыру принциптері. 33
КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРДЕ КӘСІБИ ОҚЫТУ ҮРДІСІ. 34
Кәсіби оқыту принциптері. 34
Кәсіби оқыту принциптерінің ерекшеліктері 35
Кәсіби жұмылдыру принципі 35
Кәсіби оқытуды модульдеу принципі 35
Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері. 36
Кәсіби оқыту әдістері. 36
Кәсіптік оқыту құралдары мен олардың түрлері. 40
Кәсіби оқытуды кешенді әдістемелерімен қамтамасыз ету. 41
Кәсіби оқытуды ұйымдастыру түрлері: 41


Кәсіптік - техникалық педагогика негіздері

Адам – эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысы,  жер бетіндегі тіршілік иесі десек, бұл ілім сол адамзат зерттеушісі. Екіншіден,біздің ғылымымыз бірқалыпты емес диалектикалық қарама–қайшылықтарға толы. Әрбір адамның тәрбие туралы өз ұғымы бар, кез–келген болмысты өзінше найымдай алады.Ұлы ойшылдардың өзінде адамзат пен қоғам дамуы туралы пікірі,бағамы әркелкі. Жүздеген мемлекет қайраткерлері, ойшыл философтар мен дарынды педагогтар еңбегінде қаншама қарама – қайшылықтар жатқанын білесің бе? Кімге сенеміз? Неге олай? Үшіншіден біздің ғылымдарымыз ұшы – қиыры жоқ шексіз, өткен жәйттер ешқандай дәлелсіз жаңа идеялар туғызуды.

Педагогика шыңына жет кен том – том кітаптар жазылғанымен, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен кәсіби біліктілігі сапасын көтеру мәселесі  әлі де зерделеуді қажет етеді.Қазіргі қоғамға жаңаша көзқарасты талап етіп отыр. Сөйтіп, Кәсіби педагогика өте қызық ғылым! Ол тек зерттеу ауқымы емес, өзінің даму тарихымен әр кезеңдегі ашылған жаңалықтарымен, тұлғалар тағдырындағы текетірестер мен адасулар, түпсіз тұңғиыққа тірелген ойлар әлемімен қызықты. Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты.Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы.

Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар.Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетті жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіби педагогика осындай меселелермен шұғылданып, егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда. Әлемдік өркениет деңгейіне көтермекші.Қазіргі нарық жағыдайына бейімделген ақпаратты әлемде білімді тез, негізді түрде әрі тиімді игере білуіміз қажет.Білікті педагог, өз ісінің  білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік  деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан – жақты кәсіп иелері болуымыз керек. Жас талап, осы қиын да күрделі, әрі қызықты жолда саған сәттілік тілейміз! Енді, біздің оқулығымыздың құрылымы, мазмұны, өз бетімен қалай білім алу керек жөнінде ақыл - кеңесімізді ортаға салмақпыз. Оқу құралымен жұмыс істей білу – бұл бағыттағы алғашқы қадам. Жас талапкер, егер біз өзара түсіністікте ғылым негіздерін басты мақсатқа нысана етіп игеретін болсақ, онда жұмысымыздың нәтижесі болғаны.Ол үшін өмір көрсеткендей дамушы педагогиканың негізгі принциптеріне сүйенуіміз керек. Ол үшін не қажет? Біздің  тараптан – ақпараттарды оның әрі түсінікті ғылыми тілмен сіздерге қызықты етіп жеткізе білу. Ал, сіздер  ілімді игеруде, танып – білуде өнімді еңбек ете алуларымыз қажет. Өз бетінше шығармашылықпен ізденбей, бойкүйездікті жеңбей, ілім негізін,ақпараттық ақиқатты игеру мүмкін екенін  естен шығармағанымыз жөн.

1.1 Кәсіби педагогиканың философиялық және әдістемелік негіздері.

Кәсіби педагогика – жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Ол ескі грех сөзінен «пайдос» - бала және «аго» - жетелеу ұғымын береді. Сөзбе – сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грецияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ол мектепте дәріс беретін құлдығалым деп атаған. Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын өмірге жетелеуші ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жан және рухын беретін өнер деп түсіндік. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген педагогтарды да қоса айта бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды. Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптаса бастады. Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына  дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіби педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, ол үлкендерге де қажет екендігі сезіле бастады. Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы – адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде.Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада: оқыту, білім беру тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Сөйтіп, тәрбие ғылым ретінде  қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп отыр.Сондықтан, әлемдік педагогика  лексиконына жаңа термин:«андрогогика» (грек сөзі «андрос» - ер, «аго» - жетелеу) немесе «антропогика» - адам жетелеу деген ұғым пайда болды. Кәсіби білім беру педагогикасы немесе кәсіби педагогика атауында негізінен адамның кәсіби дайындығы жүйесінің оның жасына, білім деңгейіне, еңбек және кәсіби түрі мен сипатына қарай теориялық және педагогикалық  қарастыратын ғылым деп түсіну керек. Бұл тұжырым жеке тұлғаны кәсіби дайындаудағы рөлі мен  орнын көрсетіп беруі тиіс.

Іздеу