Қазақ тілін оқыту барысындағы шығармашылық жұмыстар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қазақ тілін оқыту барысындағы шығармашылық жұмыстардың педагогикалық негіздері 5
1.1 Тіл білімінде шығармашылық жұмыстардың маңызы 5
1.2 Шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінің психологиялық негіздері 7
2 Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту барысында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі 9
2.1 Дидактикалық ойындар шығармашылық тапсырмалардың бір түрі ретінде 9
2.2 Ана тілі сабағында шығармашылық тапсырмаларды қолданудың технологиялары 14
3 Тәжірибелік бөлім 22
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. Ұстаздар үшін тың міндеттер: оқыту әдістемелерін саралап, ғылым табыстарын сын көзбен бағалау; оқушыларды болашақта жан-жақты дамыған, рухани жетілген жеке тұлға ретінде қалыптастыру және өз іс-әрекетін, кәсіби шеберлігін жаңаша қалыптастырып, жаңаша ұйымдастыруды жолға қою. Еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқару – ел мүддесі алдындағы парыз. Сондықтан білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні білім беретін әдіскерлердің жаңа бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді. Әсіресе, қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық іс-әрекет пен пәрменді ойлауды дамытып, саналы деңгейге көтеру – күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни  жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.                  

 Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде атап көрсеткеніндей, бүгінгі қоғамда  тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтарға ие азаматтар буынын қалыптастыру, Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу аса маңызды да жауапты іс. Сондықтан  оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім берумен шектеліп қана қоймай, оларды шығармашылыққа үйрету, өзіндік  жұмыстарын мазмұнды да сауатты түрде жүргізу арқылы олардың логикалық ойын, дүние танымын, сөз  байлығын, сөйлеу  мен  жазу  тілін  әдеби нормада қалыптастыру көзделеді.

Ана тілін бастауыш сыныптарда оқыту барысында жүзеге асырылатын  шығармашылық жұмыстар білім беру  ісінде шығармашыл тұлғаның қалыптасуына жол ашады, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілген қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізеді.

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңа дүние жасауға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылыс жасау деп айтуымызға болады. Шығармашылық жаңа, тың нәрсе ойлап табу немесе жасау деген ұғыммен қалыптасты, бұрынғы белгілі нәрселерді көшіру немесе қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұрыннан белгілі    дүниелерді     дамытып,      жаңаландыру,  ерекше      қасиеттерін  табу – шығармашылыққа тән құбылыс. Сондықтан дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту  арасындағы  айырмашылықтарды анықтап, бұрынғы әдіс-тәсілдерді жаңа талап тұрғысынан  жаңғыртып, жаңаша бағытта қолдану шығармашылыққа бағытталған  әрекет болып табылады.   

Сабақтың әдістемесін жобалау – ұстаз бен оқушы арасындағы жаңа байланысты қалыптастырып, оның пәнге деген қызығушылығын арттыруда дұрыс нәтиже береді. Инновациялық жүйеде ұйымдастырылған әрбір сабақтың берері мол. Оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің иірімдеріне бойлауға, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына бой алдырады. Осы айтылғандар тақырыптың өзектілігін дәлелдеп, шығармашылық жұмыстар арқылы оқыту әдістемесінің зерттеу бағытын айқындайды

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың  ерекшелігін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Ана тілін оқыту барысындағы шығармашылықтың педагогикалық негіздерін анықтау;
  • Тіл білімінде шығармашылық жұмыстардың маңызын анықтау;
  • Шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінің лингвистикалық негіздеріне талдау жасау;
  • Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында шығармашылық тапсырмалармен жұмыс істеудің әдістемелік жүйесін саралау;
  • Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздерін анықтау;
  • Бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында шығармашылық жұмыстарды қолданудың технологияларын талдау;
  • Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың тәжірибелік жолын көрсету.

Зерттеу жұмысының объектісі ана тілі, қазақ тілі

Зерттеу пәні бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында шығармашылық жұмыстарды ұймдастыру процесстері

Іздеу