Қазақстан педагогикасы қалыптасуының негізгі кезеңдері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қазақстан педагогикасы қалыптасуының негізгі кезеңдері 4
1.1 Ежелгі және орта ғасырлық педагогикалық ойлар 4
1.2 Қазақ хандығы тұсындағы тәлім тәрбие 7
1.3 Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және
ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы 11
1.4 Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы 13
2 Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Қазақстан педагогикасының даму ерекшелігі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35


Кіріспе

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi — Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.

Зерттеушi ғалымдар А Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: “Бiз тарихқа ХIҮ-ғасырдың басынан бастап “қазақ” деген атпен енсек те, мыңжылдық мәдениетi, философиясы, әдебиетi, тарихы бар халықпыз...” деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.

Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелiп, жазылған бұл тарихи деректер бiздiң қарастырып отырған мәселелерiмiзге тарихи-әлеуметтiк тұрғыда кеңiрек үңiлуiмiзге мүмкiндiк туғызады.

Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай, бiздiң ойымызша, бірнеше кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан педагогикасының тарихын зерттеу

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Қазақстан педагогикасы қалыптасуының негізгі кезеңдерін зерттеу;
  • Ежелгі және орта ғасырлық педагогикалық ойларды талдау;
  • Қазақ хандығы тұсындағы тәлім тәрбиенің ерекшелігін қарастыру;
  • Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюын зерттеу;
  • Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуына талдау жасау;
  • Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Қазақстан педагогикасының даму ерекшелігін көрсету.

Зерттеу объектісі: Қазақстан педагогикасының тарихы

Зерттеу болжамы: Қазақстан педагогикасының тарихын зерттеу арқылы педагог ойшылдардың бай мұрасын игеру арқылы ғана педагогикалық білімдер жүйесін игеруге болады.

Зерттеу әдістері: фактілерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық, тарихилылы әдістер қолданды.

Іздеу