Математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін қолдану (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Математиканы оқытудың теориялық негіздері 5
1.1 Математикалық оқытудың ерекшеліктері 5
1.2 Математикалық білім беру сапасы мәселесі және оны шешу жолдары 12
2 Математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін қолдану 16
2.1 Этнопедагогикалық оқытудың ерекшелігі 16
2.2 Математика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдану 17
3 Тәжірибелік бөлім 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Қазіргі заманның маңызды мәселелердің бірі – қоғамның жастар біліміне деген әлеуметтік тапсырысы арқылы жалпы білім беру жүйесінің деңгейін анықтау екендігі белгілі. ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес білім берудің ізгілікті сипатын, тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, жалпы білім беретін мектептің негізгі міндеттерінің бірі - өзгермелі өмірдің жағдайларына тез бейімделуге қажетті белгілі бір білімдер жүйесі мен тұлғалық қасиеттерді оқушылар бойында қалыптастыру болып табылады. Кейінгі жылдары біздің елімізде ортақ стандарттармен бірге аймақтық ерекшеліктерді ескеру ерекше маңызға ие болуда. Аймақтық білім беру ұлттық мәдениет байлықтарын жергілікті салт-дәстүрлерді қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарды қамти отырып, білім берудегі адам факторының ролін күшейте түседі, оқушылардың рухани мәдениетінің дамуы мен олардың шығармашылық белсенділігін, дербестігін, зиялылығын өзектендіреді.

Мектептегі пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістемесі баланың жеке тұлғасының толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны көбіне жергілікті жердің мәдениетін, тұрмыс-тұрпатын, ұлттық қабылдауларды ескермей, дерексіз сипатта болады.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында  «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Математикалық білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер соңғы жылдары педагогикалық білім алатын болашақ мамандарға, олардың кәсіби дайындықтарына елеулі талаптар қоюда. Әсіресе, бастауыш сыныптарда математикалық білім алуға қойылатын талаптар күрделі де сан-салалы болып отыр. Себебі бастауыш сынып мұғалімі – жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарын дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын  тұлға.

Соңғы жылдары ұлттық ерекшеліктерге зор қызығушылықтуындаған. Сондықтан оқыту процессінде этнопедагогика элементтерін қолдану мәселесі қазіргі білім беру саласында өзектілердің бірі болып табылады

Математика пәнін оқыту әдістемесінде этнопедагогика элементтерін қолдану және ұлттық ерекшеліктерді есепке алу маңызды  мәселелердің бірі болып саналады.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.

Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет.

Осы бағыттарда қандай ұлттық элементтерді қолдануға болатынын шешу қазіргі заман талабы.

Зерттеу мақсаты: математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін қолдану ерекшелігін зерттеу.

Зерттеу барысында келесі міндеттер қойылады:

  • Математиканы оқытудың теориялық негіздерін зерттеу;
  • Математикалық оқытудың ерекшеліктерін анықтау;
  • Математикалық білім беру сапасы мәселесі және оны шешу жолдарын іздестіру;
  • Математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін қолдануды көрсету;
  • Этнопедагогикалық оқытудың ерекшелігіне талдау жасау;
  • Математика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдану;
  • Тәжірибелік бөлімде нақты мысалдар көрсету

Іздеу