Мектеп жасына дейінгі балалардың дайындығы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------5
1 ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ
ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлға дамуының психологиялық физиологиялық жағдайлары---------9
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үдірістерінің даму деңгейі--------12
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығының психологиялық ерекшеліктері-----30

БІРІНШІ ТАРАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------41

 2 ТАРАУ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҮРДІСІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ -----43
2.1 Зейін процесінің диагностикасының дамуы--------------------------------47
2.2 Ес процесінің диагностикасының дамуы------------------------------------48
ЕКІНШІ ТАРАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ -----------------------------50


3 ТАРАУ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ДАМЫТУЫ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖҰМЫС

3.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамуға арналған экспериментті ұйымдастыру жолдары---------------------------54
3.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту үшін өткізілген эксперименталдық жұмыс------------------57
3.3 Эксперименталдық жұмыс бойынша қорытынды анализ----------------61

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------------63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------66

ҚОСЫМША


КІРІСПЕ

Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту дейін. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ,олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап ,нығайтуды, дамуында ауытқуы, бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырды.

Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламалардың шенберінде жүзеге асырылады.Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылдың 22 қарашадағы №1762 қаулысымен Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептерде балаларды міндетті түрде мектеп алды даярлаудың ережесі бекітілді.[20,15] Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы – мектепке дейінгі балалық шақ кезіңдегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі. Мектепке бару – бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.

Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс - әрекет екендігінде. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.     

Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында баланы дайындау бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.Орыс, кеңес психология ғылымының еңбек сіңірген  ғалымдар  Б.Г.Ананьев, П

П.Блонский,А.С.Выготский,А.В.Запарожье,К.Н.Корнилов,А.Н.Леонтьев.С.Л.Рубинштейн және басқалар болды. Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекет Ш.А.Аманашвили,В.В.Давыдов,Л.В.Знаков,П.Е.Гальперин т.б  зерттеулерінде қарастырылды. Жоғарыда аталған авторлар әрекетті өмірдің бірлігі деп қарап, оның төмендегідей ішкі құрлымдарын белгіледі.Қажеттілік ма тив мақсат қүрал әрекет, нәтиже, әрекеттің ішкі құрлымына енетін бұл  компонент тер былайша сипатталады. Қажеттілік индивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білім нің тәрбиесінің басқа да әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезіну.  Мек тепке дейінгі тәрбие мазмұны қоғам мүдесіне лайықты жаңарып, бойында ұлттық психология қалыптасқан. Ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынса-рин атындағы Қазақ білім академиясында қызымет еткен ғалымдардың Н.Нұрахметов М.С.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.С.Әмірова, Ғ.Х.Дүкенбаева, Ф.Н.Жұмабекова, С.Ғ.Бәтібаева еңбектері нәтижесінде 1996 жылы Балбөбек бағдарла мақсаты балабақша жұмысын тұжырымдаға сай қайта құру, тәрбие жүмысының мазмұнын халықтық педагогика сәйкес үйлесімді түрде жаңарту, ақыл ой, дене, адамгершілік сапасын жақсарту жаңа қоғамға лайықты тұлғаны даярлау т.б.Ал бағдарламаның міндеті ата бабадан   мирас болған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларың баланың құлағына құйып сана-сезіміне сіңіру, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулап, адамгершілік қасиеттерін   жетілдіру болып табылады.

Кез келген адам үшін оның ішінде балалар үшін ең бастысы қоршаған ортаға бейімделу, қарым – қатынасқа түсе білу, оқуға қажетті білім, дағды, шеберлікті меңгре білу. Баланың жеке басына тән қасиеттерді қалыптастыру тәрбиесі оның өмірге келгенде алғашқы жылдардан бастау, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау бала тәрбиесіндегі ата-аналардың негізгі міндеті.

Баланың жеке басын сыйлау оның ішкі дүниесінің құндылығын қажеттілігі мен қызығушылығын қабылдау, онда өз басының қасиетін сезінуге мүмкіндік береді. Бұндай сезімнен айырылған адам өзін де, басқаны да төмендетуге, әділетсіздік жасауға бейім болады. Жан ұя – мектеп жасына дейінгі бала үшін өмірге қажетті басты қасиеттерінің қалыптастыруға себепші болатын басты тұлға. Алайда, балаларды мектепке дайындау мектепке дейінгі саты да қызмет ететін бала бақшаның басты міндеттері, осыған байланысты бұл мәселе педагогиканың да міндеті болып табылады.

Өзінің жеке басының қасиетін сезінген бала, өзінің және басқаның қылықтарын адамгершілік тұрғыда бағалауға және әділетсіздікке жол бермейді. Өзін түсіну, өзіне-өзі баға беру баланың үлкендермен қарым-қатынаста жағымды немесе жағымсыз қылықтарын бағалау қасиеттері қалыптасады. Әсіресе, бала үшін, оған сеніммен және құрметпен қарайтын үлкендердің бағасы өте маңызды.

Бағалау баланың назарын оның істеген жақсы немесе жаман қылықтарына емес, оның істеген істерінің басқа адамдарға салдары қалай әсер ететіндігін бағалауға үйренеді. Баланың адамгершілік сезімдерінің дамуына ертегілер мен әңгімелерде оқуда жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің арасындағы күресті бейнелейтін кездер көп әсер етеді. Бала кейіпкер немесе олардың достарының сәтсіздіктеріне ренжіп, оладың табыстары мен жеңісін тілейді. Осылай оның жақсылық пен зұлымдылық адамгершілік пен жауыздық туралы көзқарасы қалыптасады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ерік-жігерін тәрбиелеу оның тек мектепте табысты оқуын ғана емес, оның өмірге көзқарасын қалыптастыруға әсер етеді. Баланы еркін тәрбиелеуді жас кезінен бастауды жете бақылау ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді, үлкендердің шамадан тыс қамқорлығы баланың жалқаулыққа өз-өзіне сенімсіздік тудыруға, өзін төмен бағалауға, қоршаған ортаға қажетті деңгейде бейімделе алмауына және масылдыққа әкеп соғады.

Зерттеу мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту.

- Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға, олардың отбасына көмек ретінде зерттеу жұмысын жазуды жөн көрдік. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын біз алдымызға мынадый болжам қойдық – балалардың танымдық процестерін дамытуда міндеті болып табылады.

Процестерінің дамуы, қоршаған ортаның баламен қарым-қатынасына  байланысты.Егер зерттеу мақсаты болжам мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді алдымызға қойдық.

 - мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.

- баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.

Зерттеу объектісі мектепке дейінгі жастағы балалар.

 Зерттеу пәні – мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үдірістерінің дамуы.

Зерттеу әдістер-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі.

- түрлі әңгіме әдістерін қолдану.

- шағын тестік тапсырмалар

Зерттеу базасы Даярлық “В” тобы бала саны 20.

Іздеу