Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып
сөйлеуге үйрету әдістемесінің теориялық негіздері 6
1.1 Мәтін – байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізі 6
1.2 Байланыстырып сөйлеуге үйретудің
философиялық және психологиялық мәселелері 8
1.3 Байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық
ұстанымдары мен тәрбиелік маңызы 10
2 Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйретудің әдістемелік жүйесі 12
2.1 Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйретудің мазмұны мен көлемі 12
2.2 Байланыстырып сөйлеуге үйретудің
әдіс-тәсілдері мен құралдары 13
3 Мәтін арқылы байланыстырып сөйлеуге
үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешені 17
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23


Кіріспе

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің мазмұны баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, мектепке дейінгі   балаларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін,  тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты.  Мектепке дейінгі   балалары байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Байланыстырып  сөйлеу әрекетінде бала сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.

Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен бала тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді..

А.Байтұрсыновтың жазуға үйрету әдісі жайлы «...сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек....Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек», – дей отырып, сөйлеудің жазба түрінің күрделі екеніне көңіл бөліп, жазуға үйретуге ерекше мән берілуі тиіс екендігін айтады.

Байланыстырып  сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы жүргізіледі.

Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін  тек оқу және оқыту материалы ретінде ғана емес, сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы тұрғысынан қарастырылуда. Сөйлеушінің  айтатын ойы мәтін құру арқылы жүзеге асырылатыны жөніндегі ой-пікірлер, зерттеулер Ф.Ш.Оразбаеваның, С.Р.Рахметованың, Т.Әбдікәрімнің, Н.Ж.Құрманованың, А.С.Қыдыршаевтың, Б.Қалимұқашеваның, Ә.Е.Жұмабаеваның, Б.Қабатайдың, Н.Сламбекованың, Н.Тойбазарованың т.с.с. көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен мектепке дейінгі   жасындағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйретуге байланысты шешімін таппаған  мәселелер де жоқ емес.

Мектепке дейінгі   балаларының байланыстыра сөйлеуге оқыту деңгейін тексеру барысында   бірқатар олқылықтар бар екені байқалды. Мысалы:

  • балалардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмай-тындығы;
  • бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы баланы жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;
  • баланың мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы;
  • мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;
  • сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі;
  • баланың құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен байланыспауы.

Мұның себебі, мектепке дейінгі балаларға «мәтін» жайлы бірқатар мағлұмат бергенімен, балаға оны саналы түрде ұғындыру мәселесіне көп көңіл бөлінбегендіктен деп ойлаймыз, екіншіден бастауыш мектепте баланы белгілі бір дәрежеде байланыстырып сөйлеуге үйрету дәстүрлі таза жазу, көркем үйрету деңгейінен асып кете алмай келеді. Осы сияқты олқылықтарды есепке ала отырып, зерттеудің өзекті мәселесі айқындалды: мектепке дейінгі   балаларын сөйлеуге үйретуде мәтіннің мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері туралы теориялық білім бере отырып, мәтін құру білігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру.

Зерттеу нысаны – мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үрдісі.

Зерттеу пәні – мектепке дейінгі   балаларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.

Зерттеу мақсаты – мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде  ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірбиеде қолдануға ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- философиялық, лингвистикалық, психологиялық әдебиеттерді оқып, тақырып тұрғысынан талдау жасай отырып, жүйелеу арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін айқындау;

- мектепке дейінгі  қазақ тілі пәніне арналған оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды талдау арқылы баланы байланыстырып сөйлеуге үйрететін білім мазмұны мен білік, дағдыларын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің психологиялық, педагогикалық  талаптарға сай келуін анықтау;

- анықтау эксперименті бойынша мектепке дейінгі   балаларының байланыстырып сөйлеу деңгейлерінің қазіргі жайын саралау;

-  балаларды сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалардың қолайлы мазмұнын, көлемін, әдістері мен құралдарын ұсыну;

- ұсынылған әдістемелік жүйенің, жаттығулар мен тапсырмалардың ұтымдылығын  оқыту эксперименті арқылы дәлелдеу.

Зерттеу болжамы. Мектепке дейінгі   балаларын байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен  қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері  саналы түрде меңгерілсе, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т.б.) жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде  жазуға дағдыланады, өйткені баланы байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен  логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады. 

Іздеу