Мектептен тыс жұмыстарды әдістемелік ұйымдастыру ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мектептен тыс жұмыстарының теориялық негіздері 5
1.1 Мектептен тыс жұмыстарың мазмұны 5
1.2 Мектептен тыс жұмыстарың түрлері 6
2 Мектептен тыс жұмыстарды әдістемелік
ұйымдастыру ерекшеліктері 10
2.1 Мектептен тыс сауықтыру жұмыстары 10
2.2 Сынып жетекшінің ата аналармен мектептен тыс
жұмысын ұйымдастыру 16
2.3 Мектептен тыс оқушыларда отансүйгіштік сезімдерді дамыту 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24


Кіріспе

Қосымша дамыту бiлiм беру бағдарламалары мектептен тыс мекемелерiнде iске асырылады. Мектептен тыс мекемелер балалар мен жастардың әлеуметтiк және кәсiби өзiн-өзi табуындағы қабiлеттерi мен мүдделерiнiң дамуының бiрден бiр анықтау факторлары болып табылады. Казiргi қосымша дамыту жүйесi бiлiм алушыларға өз тiлектерiне, мүдделерiне, потенциалдық мүмкiншiлiгiне сәйкес көркем және техникалық өнерпаздықпен, туристiк-өлкетану, эколого-биологиялық, әскери-патриоттық қызметпен, спортпен және зерттеу жұмыстарымен айналысуға мумкiншiлiк бередi. Бүгiнгi күнге республикада 629 мектептен тыс мекемелер жұмыс iстеуде. Ондағы дәрiс алушылар саны- 270 мыңнан астам бала.

Өндiрiстiн дамуы, ғылым және техника саласындағы жетiстiктердi арттыру тек балалар мен жастардын шығармашылық техникалық қабiлеттерiн ерте дамыту, дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық еңбегiне қажеттi жағдай жасау арқылы мүмкiн. Осы мақсатта республикада жылына екi рет жас техниктер, рационализаторлар форумы және «Жастар шығармашылығың көрмесi өткiзiлiп тұрады. Көптүрлi қосымша дамыту мектептен тыс мекемелер арасында аула клубтары ерекше орын алады. Республикада тиянақты қызмет ететiн клубтар саны-219. Клубтық қызмет негiзiнде әр түрлi денгейдегi халықты қамтуға арналған, отбасына көмек теседi және клуб жұмысына отбасының қатысуын қамтамасыз етедi.

Қосымша дамыту балаларға-жалпы бiлiм беру ұйымдарындағы мектепке дейiнгi жастан бастап мектеп бiтiрушiлерге дейiн, сонымен бiрге олардың ата-аналары, сондай-ақ осы жүйеде жұмыс iстейтiн ұстаздар үшiн қажет болып табылады. Мектептен тыс мекемелердегi балалар саны жылдан-жылға көбейюде. Ал бұл, балалардың сабақтан бос уақытта сүйiктi жұмысымен айналысатының бiлдiредi. Сонымен, мектептен тыс мекемелер тек дамыту, тәрбиелеу ғана емес сондай-ақ алдын-алу функциясын атқарады.

Мектептің тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі − мектептен тыс жүргізілетін жұмыстар болып есептеледі. Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін мектептен тыс уақытта жүргізілген жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізеді.

Соңғы кезде мектептердің алдына қойылып отырған тәрбие міндеттері мектептен тыс уақытта жүргізілетін іс-шаралардың мазмұнына өзіндік әсер етіп отыр. Себебі, мектептердегі білім стандарты, тұжырымдамасы, жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары, жаңа ұлттық негізде жазылған оқулықтар, әдістемелік құралдар, мектептен тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларға жаңаша көзқарасты талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты мектептен тыс жұмыстардың әдістемелік зерттемесін талдау

Міндеттері:

  • Мектептен тыс жұмыстарының теориялық негіздерін зерттеу;
  • Мектептен тыс жұмыстарың мазмұнын ашу;
  • Мектептен тыс жұмыстарың түрлерін анықтау;
  • Мектептен тыс жұмыстарды әдістемелік ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу;
  • Мектептен тыс сауықтыру жұмыстарын талдау;
  • Сынып жетекшінің ата аналармен мектептен тыс жұмысын ұйымдастыруды талдау;
  • Мектептен тыс оқушыларда отансүйгіштік сезімдерді дамытуды зерттеу.

Іздеу