Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың теориялық негіздері 5
1.1 Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың маңыздылығы 5
1.2 Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың әдістері мен тәсілдері 9
2 Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру 14
2.1 Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын жүзеге асырудың ерекшеліктері 14
2.2 Қазіргі кездегі оқушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдары 19
3 Тәжірибелік бөлім 23
Қорытынды 32
Қолданыған әдебиеттер тізімі 34


Кіріспе

Мәселенің өзектілігі. Педагогикалық диагностика педагогикалық қызметпен қатар дамуда. Жүйелі түрде білім беру процессін ұйымдастырушылар өзінің жұмыстарының қорытындыларын анықтауға тырысады. Педагогикалық қызметтің мыңдаған жыл бойы диагностикалау әдістері қолданылды. Соңғы уақытта ғана сол сияқты диагностикалау әдістері ғылыми тұрғыдан зерттеле басталды.

Алған рет педагогикалық диагностика ұғымын медициналық және психологиялық салаға негізделіп К. Ингенкамп 1968 жылы ғылыми жобаны ұсынған кезде еңгізді. Өзінің міндеттері, мақсаттары және қолдану салалары бойынша педагогикалық диагностика дербес сала болып табылады.

Педагогикалық  диагностиканы анықтауды екі бағытты ажыратады: білімділікті диагностикалау, яғни білімнің нәтижелерін және білімге икемділікті диагностикалау

Диагностика білімді және оқушылардың икемділігін тексерумен салыстырғанда неғұрлым мағыналы болып табылады. тексеріс тек білім берудің қорытындыларын анықтап оның себептерін ашпайды.

Диагностика  білім беру нәтижелерін білім беру құралдарымен жолдарымен байланыстырып жалпы динамиканы және тенденцияларды анықтауға тырысады

Яғни педагогикалық диагностика жеке білім беру процессін оптимизациялауға, білім берудің дұрыс қорытындыларын анықтауға, оқушылардың  қателіктерін азайтуға тырысады. Білім  беру процессін жетілдіруді көздеген   педагогикалық диагностиканың келесі мақсаттарды шешуге тырысады:

  • Білім берудің нәтижелері дұрыс бағаланбаған жағдайда ішкі және сыртқы коррекциялау;
  • Білім берудің осал жақтарын анықтау;
  • Білім берудің табыстылығын бекіту;
  • Білім беру процессінің келешек кезеңдерін болжау;
  • Білім беруде табыстылық үшін мадақтау арқылы ынталандыру және келешекте кездесетін қиыншылықтарды реттеу;
  • Оқыту процессінің жағдайларын жетілдіру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушылардың біліктілігін педагогикалық диагностикалауды зерттеу

Міндеттері:

  • Жалпы білім беретін мектеперінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың теориялық негіздерін зерттеу;
  • Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың маңыздылығын анықтау;
  • Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалаудың әдістері мен тәсілдерін зерттеу;
  • Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыруды талдау;
  • Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық диагностикалау жұмыстарын жүзеге асырудың ерекшеліктерін анықтау;
  • Қазіргі кездегі оқушылардың білімділігін тиімді ұйымдастырудың тиімді жолдарын зерттеу.

Зерттеу объектісі: оқушылардың біліктілігі

Зерттеу пәні оқушылардың білімділігін педагогикалық диагностикалау процессі

Зерттеу гипотезасы: педагогикалық диагностикасын зерттеп тәжірибеде қолдану арқылы жеке білім беру процессін оптимизациялауға, білім берудің дұрыс қорытындыларын анықтауға, оқушылардың  қателіктерін азайтуға мүмкіншілік береді

Іздеу