Ииновациялық технологияларды оқыту барысында қолдану ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Озат педагогиканың теориялық аспектілері 5
1.1 Озат педагогика түсінігі 5
1.2 Қазіргі заманда озат педагогтардың
инновациялық ілімдері 6
2 Оқыту барысында жаңашыл
технологияларды қолданудың ерекшеліктері 8
2.1 Ж.Караевтің деңгейлік әдістемесі 8
2.2 В.Монаховтың оқыту технологиясы 10
2.3 Қашықтан оқыту технологиясы 17
2.4 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын
оқыту барысында қолдану ерекшелігі 25
3 Тәжірибелік бөлім
Проблемалық оқыту технологиясы 30
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38


Кіріспе

Оқушы қызметін активтендіру негізінде озат педагогикалық технологияларының инновациялық технологиясының элементін қолдануға болады.

Инновациялық оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Инновациялық оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Инновациялық оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Инновациялық  оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Инновациялық оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін  жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлінеді. Озат оқыту барысында сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа инновациялық тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылады. Көбінесе мына жағдайлар инновациялық тәсілдер арқылы өзгерістеге ұшырайды:  сабақтың мазмұны, сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау, сабақтың нәтижелігі.

Педагогикалық оқытудағы басты  проблема оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша инновациялық тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ииновациялық технологияларды оқыту барысында қолдану ерекшелігін зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Озат педагогиканың теориялық аспектілерін талдау;
  • Озат педагогика түсінігін ашу;
  • Қазіргі заманда озат педагогтардың инновациялық ілімдерін талқылау;
  • Оқыту барысында жаңашыл технологияларды қолданудың ерекшеліктерін көрсету;
  • Ж.Караевтің деңгейлік әдістемесін, В.Монаховтың оқыту технологиясын, қашықтан оқыту технологиясын, сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту барысында қолдану ерекшелігін зерттеу;
  • Тәжірибелік бөлімде проблемалық оқыту технологиясын көрсету

Зерттеу объектісі: озат педагогтардың инновациялық технологиялар

Зерттеу пәні: озат технологияларды қолдану барысында туындайтын құбылыстар, процесстер, оқиғалар, тұжырымдамалар

Зерттеу әдістері: жүйелеу, синтез, анализ, талдау, қорытындылау, ғылымилылық

Зерттеу болжамы: егер біз озат педагогикалық тәжірибелегі инновациялық әдістемені жетік игеретін болсақ, оқыту барысында жоғары мақстатарға жетуге және оқушыны жан жақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндіктер туады.

Іздеу