Оқу іс әрекетінің мотивациясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Оқу іс әрекетінің мотивациясының теориялық негіздері 5
1.1 Оқу іс әрекетінің мотивациясы түсінігі 5
1.2 Оқу іс әрекетінің мотивациясының ғылымда зерттелуі 9
2 Оқу іс әрекетінің мотивациясын талдау 17
2.1 Мотивациялық бағдар және іс-әрекет табыстылығы 17
2.2 Оқу іс әрекетінің мотивациясын зерттеу тәсілдері 20
2.3 Түрткі мотивацияның негізі ретінде 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


КІРІСПЕ

Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.

Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады.

Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық сферасының құрылымын төмендегі Р.С. Немов жасаған схемадан көруге болады.

Кезінде мотивация теориялары ежелгі философтардың еңбектерінен-ақ көріне бастаған. Адам мотивацияның тоғысу шегі және табиғатын зерттеу мәселесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ философиялық екі ағым: рационализм мен иррационализм арасында өзгеріссіз қалды. Рационалистік позиция тұрғысынан қарағанда адам мінезінің мотивациялық бастауы оның ақыл-ойында, санасында, ерік-жігерінде жатыр. Ал иррационалдық пікір бойынша жануар адамға қарағанда санасыз, органикалық қажеттіліктерді ғана қалайтын қараңғы, биологиялық күштермен ғана басқарылады. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті

Бұл концепцияға сәйкес адам дүниеге келгеннен есейгенге дейін төменде көрсетілген қажеттіліктер класы пайда болып және дамып отырады: 1) физиологиялық (органкалық) қажеттіліктер; 2) қауіпсіздік қажеттіліктері; 3) махаббат қажеттіліктері; 4) сыйластық қажеттіліктері; 5) танымдық қажеттіліктер; 6) эстетикалық қажеттіліктер; 7) мақсатқа жетудегі қажеттіліктер.

Курстық жұмыстың мақсаты оқу іс әрекетінің мотивациясын зерттеу

Міндеттері:

  • Мотивацияның теориялық аспектілерін зерттеу
  • Мотивация түсінігін ашу
  • Мотивацияның ғылымда зерттелуін талдау
  • Оқу іс әрекетінің мотивациялық ерекшелігін зерттеу

Іздеу