Оқыту және инновация (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Оқытудың дидактикалық аспектілер
1.1 Оқыту педагогикалық процесс ретінде
1.2 Қазіргі замаңғы оқытудың мазмұны
2 Оқытудың түрлері
2.1 Жаңаша оқытудың ерекшеліктері
2.3 Жеке дара оқытудың мазмұны
3 Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуіне орай жаңа жүйе қалыптасуда. Бұл жүйе жалпыға бірдей  білім беру мекемелеріндегі білім беруді қайта қарау, саралау негізінде оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытудың, қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес жаңа инновациялық технологияларды оқыту үрдісіне енгізуді талап етуде. Мұндай талап еліміздің әлемдегі дамыған елдер қатарына қосылу саясатынан және ел экономикасының, ілімі мен ғылымының  қарқынды да  орнықты  даму  саясатынан туындап отырғаны белгілі. Бұл тұрғыда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет», – деп атап көрсеткен.  Оқытудың негізгі принциптеріне сай қазіргі кезде оқыту барысында оқулықтарды құрастыруда, оқыту формалары мен әдіс тәсілдерін таңдауда оқушылардың жас  ерекшеліктері есепке алынады. Кез келген жас  шақ өзіне ғана тән психо физиологиялық ерекшеліктерге толы болады. кіші сынып оқушыларының мысалға алғанда зейіні, есте сақтау қаблеті жоғары сынып оқушыларынан ажыратылады. Сол ерекшеліктерге сай оқыту процессін ұйымдастыру ерекшеліктерін жетік білу болашақ ұстаздар үшін өте маңызды, себебі оқыту процессінің тиімділігіне тікелей байланысты.

Осыдан курстық жұмысы тақырыбының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу мақсаты оқыту түрлерін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай міндеттер алға қойылған:

  • Оқытуда оқушылардың жас  ерекшеліктерін есепке алу дидактиканың маңызды принципі ретінде қарастыру;
  • Оқыту барысында оқушылардың жас  және жеке психологиялық ерекшеліктері түсінігіне талдау жасау;
  • Оқушылардың жас  ерекшеліктерін есепке алу принципін оқыту барысында қолдану;
  • Бастауыш мектепте оқушыларды оқытудың ерекшеліктерін көрсету;
  • Жоғары сынып оқушыларын оқытудың ерекшеліктерін ашу;
  • Тәжірибелік бөлімде бастауыш сыныпта оқытудың ойын түрлері көрсету.

Зерттеу объектісі: оқыту процессі

Зерттеу әдістері: оқыту процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық негіз.

Зерттеу болжамы: оқушылардың жас ерекшеліктерге сай оқыту процессін ұйымдастыру ерекшеліктерін жетік білу болашақ ұстаздар үшін өте маңызды, себебі оқыту процессінің тиімділігіне тікелей байланысты

Іздеу