Салт дәстүрлер мен адамзаттық құндылықтарды тәрбие процессінде қолдану тәсілдері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Халық салт дәстүрімен әдет ғұрыптың тәрбиелік мәні 4
2 Адамзаттық құндылықтар және олардың бала тәрбиеленуіндегі мәні 7
3 Салт дәстүрлер мен адамзаттық құндылықтарды тәрбие процессінде қолдану тәсілдері 12
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18


Кіріспе

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, өркениетті мемлекеттердің санатына қосылуы жағдайында, гумандық, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.

Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (оқушы жастардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, ересектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық  және т.б.), бүгінгі тәрбие саласындағы инновациялық көзқарасты педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде моральдық-этикалық тәрбиені дағдарысқа әкелуде.

Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық моральдық-этикалық дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық этикалық дәстүрлерінің негізі болып қаланған гуманистік идеялар, адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамзат моралінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады.

Іздеу