Халық педагогикасының негіздері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Халық педагогиканың теориялық аспектілері 5
1.1 Халық педагогика түсінігі 5
1.2 Халықтық педагогика элементтерін оқыту процессіне еңгізудің кейбір мәселелері 6
2 Оқыту және тәрбиелеу барысында халықтық педагогика элементтерін қолдану 8
2.1 Халықтық педагогика арқылы балалардың дүниетанымыны қалыптастырудың ерекшеліктері 8
2.2 Халықтық педагогика әдістері арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру 11
2.3 Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту 21
3 Тәжірибелік бөлім 27
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34


Кіріспе

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тәуелсіз, әрі тегеурінді, терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі болуы керек.  Ол мемлететтің экономикалық, қорғаныс қабілеттерін күшейтері анық.

Жас жеткіншектерді ұлтын, елін шексіз сүюге тәрбиелейтін бірден бір құрал,оқу тәрбие ісіне қазақ халқының этнопедагогикасын сәтті ендіру болып табылады.

Халқымыздың дәстүрілі білім мен тәрбиелер жиынтығы ғұмыр бойы жинақтаған тәжрибелерінің қорытындысы. Оларға талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт, озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашанда адамзат баласына нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын желесі болып отыр.

Көшпелі елдің барлық тіршілік болмысы табиғатта және табиғатпен бітене қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген олар өзі мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып,біліп сол кеңістіктегі құрбыластарды уақыты мен зерделеуге, теңдестіруге, пайымдауға машықтанды.

Ертедегі қазақ халқы қоршаған ортаның бір-бірімен оқшау тұрған заттар мен құрбыластардың ретсіз жиынтығы емес, тұтастай байланысты бірліктегі дүние деп таныды.

Табиғат заттар мен ондағы журетін құбылыстардан тұратынын пайымдады. Табиғат туралы қазақ халқында оның кеңістік укақыттық мөлшері жағынан біркелкі және жалпы заңдылықтары бар екенін, ондағы заттар мен құбылыстардың (реакция) мәңгі әрі шексіз екендігі бойынша дүниетаным қалыптасты.

Дүние тану ата-бабаларымызда алғаш дайын тұрған материаларды, құбылыстарды танып, білуден басталады. Бұл кез адам санасы дамуының төменгі сатысында тұрған шақ еді. Мыңдаған жылдар өте келе көшпелі өмір кешкен бабаларымыз тіршілік барысында практикалық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа заттардың қасиетіне үңіле тусіп, құбылыстардың сырынаша білді.

Адамзат баласының даму эволюциясына байланысты дүниетаным деңгейі де өсіп күрделене түседі. Өйткені адамның дүниені тануы табиғат туралы білімдердің жиынтығының сол кездегі өмір сүрген қоғам арасындағы байланысты негізінде өрбиді. Адамның ой-өрісі өзін қоршаған табиғат, ондағы құбылыстар туралы білімдерді неғұрлым толыққан сайын, дүниетаныы да соғұрлым байып тұрақтанады.

Зерттеу мақсаты: халықтық педагогиканың мәнін ашу.

Зерттеу міндеттері:

  • Халық педагогиканың теориялық аспектілерін ашу;
  • Халық педагогика түсінігін ашу;
  • Халықтық педагогика элементтерін оқыту процессіне еңгізудің кейбір мәселелерін зерттеу;
  • Оқыту және тәрбиелеу барысында халықтық педагогика элементтерін қолдануды талдау;
  • Халықтық педагогика арқылы балалардың дүниетанымыны қалыптастырудың ерекшеліктерін зерттеу;
  • Халықтық педагогика әдістері арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;
  • Халықтық педагогикада отбасының алатын орнын көрсету.

Іздеу