Халықтық педагогиканың тәрбиелік құралдарын отбасылық тәрбиеде қолдану (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе.........................................................................................................3
1 Халықтық педагогиканың теориялық негіздемесі...............................5
1.1. Ұлттық ерекшеліктердің негізгі компонентері ...............................5
1.2. Ұлттық сана сезiмдi қалыптастыру механизмi ……………...........8
1.3 Халықтық ерекшеліктердің полиэтникалық аудиториядағы оқушылардың танымдылық іс - әрекеттеріне тигізер әсері ..........11
2 Халықтық педагогика құралдарын отбасы тәрбиесінде қолдану..................16
2.1 Отбасы тәрбие түсінігі.......................................................................16
2.2 Отбасы тәрбиесінің халықтық дәтүрлері........................................18
2.3 Адамгершілікке тәрбиелеу халықтық тәрбиенің негізгі бағыты ..............21
3 Педагогтар мен отбасы арақатынасының психологиялық -педагогикалық негіздері............26
Қорытынды..............................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................31


КІРІСПЕ

Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары, ҚР Үкіметі Қаулылары, ҚР Білім және ғылыми министрлігі құжаттары мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi – аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды дайындауда мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие  жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.

Бiздiң назарымызға iлiккен осы уақытқа дейiн зерттелген еңбектерге жасаған талдауымыз төмендегiдей сараптама бойынша анықталды.

1.Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Контор И.М, Қоянбаев Ж.Б, Журавлев В.И, Бержанов Қ, Мусин Ж, Скатин М.Н, Мұхамбаева А.Х, Битинас Б, Сейталиев К, Подласый И.П)

2.Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С, Әбiлова З.Ә, Сарыбеков Н.Қ, Ұзақбаева С.А, Наурызбай Ж, Қожахметова К.Ж, Дүйсембiнова Р.Қ,   Қабдыразақұлы Қ, Сағындықов Е, Табылдиев Ә, Мұхамбетова С.К, Сәдуақасов Ә, Қоңыратбаева Т.Ә, Ашайұлы Ә)

3.Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ, Беркімбаева Ш.К, Оразбекова К.А)

4.Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротков И.М,Гончаров Н.К, Савин Н.В, Легенький Г.И, Новикова Л.И, Полукарев В.В, Литвак Р, Сорочинская Е, Богуславский М, Дмитриенко Е.А)

5.Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Ильина Е.Г, Батракова И.С, Көпжасарова М.Д, Байназаров А, Белогоров В.М, Алиева Л, Буадзе А.Б, Галузинский В.М, Кирпичник А, Басов Н, Кабуш В, Титова Е.В)

6.Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ, Кузьмина М.Н, Омаров Е.О, Нұрмағамбетов С.Х, Овчинникова Р, Садықова М.К, Кудинов В, Коршунова О, Бобрышов С)

7.Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi  тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д, Лебединский В.В, Вульфов Б.З, Ходоровская З.А, Абаева Н.Б, Мұқанова Б.Ы, Бекмағанбетова Р.К, Қасенов Е.Р, Татаурова Н.Л)

8.Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К, Жетпiсбаева К.Б, Ембергенова Ж, Сәдiрмекова Ж.Б, Қаплиева А.Қ, Қисымова А.Қ, Егенисова А.Қ, Арзымбетова Ш.Ж, Садықова М.К, Әбдiғаппарова У.М, Әбдiлдина С.Қ, Өтемұратова Б.С, Аманжолова А.А, Хасанова Ж.С) т.б.

Аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие беру iсiн отбасы тәрбиесінде, бұл бағытта педагогтар мен ата аналардың біріккен іс әрекеттері өте маңызды болып табылады. Осыдан зерттеу жұмыстың  зор тәжірибелік, теориялық және әлеуметтік өзектілігі анықталады.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты - халықтық педагогиканың тәрбиелік құралдарын отбасылық тәрбиеде барынша қолдану жағдайларын зерттеу.

Зерттеу мақсатына сай зерттеу міндеттер анықталды:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Халықтық педагогиканың теориялық нгіздемесін талдау;
  • Ұлттық ерекшеліктердің негізгі компонентеріне шолу жасау;
  • Ұлттық сана сезiмдi қалыптастыру механизмiн зерттеу;
  • Халықтық ерекшеліктердің полиэтникалық аудиториядағы оқушлардың танымдылық іс -әрекеттеріне тигізер әсерін анықтау;
  • Халықтық педагогика құралдарын отбасы тәрбиесінде қолданудың ерекшеліктерін көрсету;
  • Отбасы тәрбие түсінігіне анықтама беру;
  • Отбасы тәрбиесінің халықтық дәтүрлеріне назар аудару;
  • Адамгершілікке тәрбиелеу халықтық тәрбиенің негізгі бағытын белгілеу;
  • Педагогтар мен отбасы арақатынасының   психологиялық  -педагогикалық негіздеріне назар аудару

Зерттеу объектісі - халықтық педагогика негізіндегі әдістемелік құралдар

Зерттеу пәні - этникалық отбасылық тәрбие кезіндегі пайда болатын байланыстар мен құбылыстар

Зерттеу болжамы - қазіргі кезде ұлттық сана сезімнің оянып дамып келе жатқан кезде халқымыздың келешек ұрпағы нағыз қазақи дәстүрлерде отбасылық тәрбие алған жағдайда ғана қазақ халқының, қазақ қоғамның болашағы болып саналатын жас ұрпақ зор нәтижеге жетеді.

Іздеу