Ыбырай Алтынсариннің педагогика ғылымына қосқан үлесі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастардың
қалыптасуы 5
1.1 Ыбырай Алтынсариннің өмірлік жолы 5
1.2 Ыбырай Алтынсариннің демократиялық
ағартушылық көзқарастарының қалыптасуы 9
2 Ыбырай Алтынсариннің педагогика ғылымына қосқан үлесі 13
2.1 Ыбырай Алтынсарин тәрбиелік және ағартушылық
көзқарастары 13
2.2 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұраларының зерттелуі 27
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34


Кіріспе

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның  өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған  көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық,   педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі  мен зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып,  оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.

Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, алғашқы тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді.

Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, әсерлі әңгімелері, мысалдары қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсариннің тіл тазалығы үшін күрескерлігі, педагогикалық ілімнің тұңғыш кемеңгері екендігі мойындалады.

Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрып, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді және оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында әсіресе, ана тілін үйренуде К.Ушинскийдің ойларына жүгінді.

Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде К.Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.

Алтынсариннің пікірінше, мектептерге арнап жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің, халық даналығының бай қазынасына негізделуі тиіс болды. 1879 жылы Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөніндегі «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралы болды. Алтынсарин өз мақалаларында жерді пайдалану, қазақтардың отырықшылыққа көшуі, т.б. мәселелерді көтерді. Ресей империясының қазақ даласын отарлау, қазақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемлекет қорына тартып алу жөніндегі заң жобасына 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде өз наразылығын білдірді.

Ағартушы жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер, білім, техниканы игеруге шақырды Автор оқу, білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлық қажет екенін ескертеді.

Қурстық жұмысының мақсаты: Ыбырай Алтынсарин педагогика ғылымына қосқан үлесін зерттеу

Міндеттері:

  • Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастардың қалыптасуын зерттеу;
  • Ыбырай Алтынсариннің өмірлік жолын анықтау;
  • Ыбырай Алтынсариннің демократиялық ағартушылық көзқарастарының қалыптасуын талдау;
  • Ыбырай Алтынсариннің педагогика ғылымына қосқан үлесін зерттеу;
  • Ыбырай Алтынсарин тәрбиелік және ағартушылық көзқарастарын талдау;
  • Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұраларының зерттелуін анықтау.

Іздеу