Кәсіби оқыту (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Кәсіби оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Кәсіби оқытудың қалыптасуы ерекшеліктері 5
1.2 Кәсіби оқытудың мақсаттары мен міндеттері 6
2 Касиби окытуды ұйымдастыру ерекшеліктері 8
2.1 Оқытудың формалары 8
2.2 Касиби окытудың әдістері мен құралдары 14
3 Тәжірибелік бөлім 23
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30


Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Сондықтан кәсіби оқытудың күрделі де маңызды бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б.

Кәсіби оқыту жалпы оқыту процессінің бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы.

Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар.Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетті жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіби оқыту осындай меселелермен шұғылданып, егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда. Әлемдік өркениет деңгейіне көтермекші.Қазіргі нарық жағыдайына бейімделген ақпаратты әлемде білімді тез, негізді түрде әрі тиімді игере білуіміз қажет.Білікті педагог, өз ісінің  білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік  деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан – жақты кәсіп иелері болуымыз керек.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр. Осыған орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу  - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің  көшбасшысы бола алады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: кәсіби окытуды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері, оқыту формалары, әдістері, құралдарын зерттеу

Зерттеу жұмысының мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • кәсіби оқытудың теориялық аспектілеріне талдау жасау;
  • кәсіби оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
  • кәсіби оқытудың білім беру жүйесінде алатын орнына атлдау жасау;
  • касиби окытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсету;
  • оқытудың формаларын зерттеу;
  • касиби окытудың әдістері мен құралдарына талдау жасау;

тәжірибелік бөлімде кәсіби білімдердің тәжірибеде қолданудың кейбір аспектілерін көрсету.

Іздеу