Бастауыш мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастыру (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Бастауыш мектепте дене шынықтыру сабақтарының теориялық негіздері 5
1.1 Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарының мазмұны 5
1.2 Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқытудың дидактикалық қағидалары 10
2 Бастауыш мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастыру 16
2.1 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін оқыту жолдары 16
2.2 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабағын хронометраждау 23
3 Бастауыш мектепте дене тәрбиесінен сабақ өткізуге болашақ мұғалімдердің даярлығы 30
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35


Кіріспе

Бүгінгі таңда әр бір  азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіруде дене тәрбиесі атқаратын ролі зор. Дене тәрбиесінің адам тәніне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың, ертеңгі ұлағаттыұстаздың алдында тұрған негізгі міндеті. Әр бір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Ал ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары, ой еңбегімен алмастырылып, дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Демек, адамдарды қимыл-қозғалыс яғни дене тәрбиесімен шұғылдануға дағдыландыру керек.

Дене тәрбиесін оқытудағы мұғалімнің мақсаты:

- кіші мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдіру, барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуын қадағалау, дене бітімінің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік бұлшық ет белдемесін құру. Бұлшық ет пен сүйек дамуының үйлесімдігін ескеру. Ол үшін баланың күн тәртібін дұрыс құрдыру.

Міндеттері:

- оқушыларды Отанын, халқын сүю рухына тәрбиелеу. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына, спортқа, жалпы мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін шешу мақсатымен жүргізілетін шараларға ынталандыру.

- дене тәрбиесі сабақтарын жоғарғы сапада өткізу және бағдарламада жоспарланған материалдарды толық өтуді қамтамасыз ету. Мектеп күн кестесіндегі бұхаралық сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі, сабақ үстінде өткізілетін «үзіліс сәті», сабақ арасындағы үзілістермен, ұзартылған күн тәртібіндегі ойындармен дене жаттығулары) жатады.

- дәргерлер мен тығыз байланыста болу. Оқу жылының басында барлық оқушыларын міндетті дәргерлік бақылаудан өткізу. Оқушыларды оқу топтарға (дайындық, негізгі және арнаулы медициналық топтарға) бөлу.

Ескерту: оны барлық оқушы балаларға жария етуге болмайды. Олардың денсаулығын, денелерінің дамуын бақылау. Демек, дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты сол мәліметтерге сәйкес ұйымдастыру.

-дене тәрбиесі сабақтары мен сыныптан тыс өткізілетін орындардың, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалау керек.

Дене тәрбиесі жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сай,  бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіріп, денсаулықғын нығайтып, оларды өмірде белсенді болуға Отанын қорғауға дайындайды. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін дене тәрбиесі сабағының алдына қоятын міндеттері:

  • - оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;
  • - жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды білу;
  • - негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, оқушылардың жалпы икемділігін арттыру;
  • - қимыл сапаларын жетілдіріп, дене бітімін дұрыс қалыптастыру;
  • - өз денелерін дұрыс ұста, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету:
  • - жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын арттыру:

Бұл міндеттерге жетуге және дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары, денсаулық сақтау мен шынықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту кезеңдері, үзілістерде жүргізілетін жаттығулар мен ойындар) және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін спорт жаттығулары мен жас ерекшеліктеріне сай ГТО комплексінің түрлері жүргізіледі. Қимыл сапаларын жетілдіру үшін үйге берілген тапсырмалар да осы уақытта қайталанады. Төменгі сынып оқушылары мектепте жүргізілетін әр түрлі үйірмелерге де өз талғамы бойынша қатысады.

Іздеу