Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері (Автореферат)

Кіріспе
1 Дене тәрбиесі теориясы
2 «Дене тәрбиесі» пәнінің мазмұны
3 Дене тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі
4 Тәжірибелік бөлім
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделі
Қорытынды
Әдебиеттер


Зерттеу нысаны. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындық үдерісі.

Зерттеу пәні. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау.

Зерттеудің мақсаты – оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік–эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.            

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын айқындау.
  2. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.
  3. Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби – шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен деңгейлерін және механизмдерін анықтау.
  4. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.
  5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
  6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.

Іздеу