Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ....................................3
І. ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................. 7
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ертегі арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде талдануы.....................................................7
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамыту мәні және мазмұны............. 21
1.3 Оқушылардың ертегі арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың мүмкіндіктері...........31
ІІ. ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ
ТӘЖІРИБЕЛІК–ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР........................................ 49
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын диагностикалау.................49
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі..........58
2.3 Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері.............. 66
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................71
1-ҚОСЫМША «Ақ бидай» ертегісі тақырыбындағы сабақ........73
2-ҚОСЫМША «Ертегі ойлап табайық» ойыны............75
3-ҚОСЫМША Ертегілерге жүргізілетін сабақ үлгілері.............76


Зерттеу обьектісі: оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру процесі.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларына ертегілерді меңгертсек, онда олардың танымдық қабілеті, ой - өрісі, қызығушылықтары, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық сезімі дамып, оны меңгеруге деген тұрақты қызығушылықтары қалыптасады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. «Ертегі», «таным», «қызығушылық», «танымдық қызығушылық» ұғымдарын зерттеу және олардың өзара байланысын теориялық тұрғыда қарастыру:
  2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының мазмұны мен ерекшелігін анықтау;
  3. Ертегілердің бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу;
  4. Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы қажетті әдістемелік жұмыс жүргізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудың маңыздылығын дәлелдеу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін: психологтар мен педагогтардың жалпы танымдық қызығушылық жайлы зерттеулері, халық ертегілері, бастауыш сынып оқушыларының қазақ халқының ертегілерін меңгеру арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесін зерттеудегі тұжырымдамалар құрайды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар), Білім және Ғылым министрлігінің халық педагогикасын, ұлттық мұраны дәріптеуге байланысты тұжырымдамалар, оқулықтар, оқу құралдары, қазақстандық және шетел ғалымдарының  қазақ халқының рухани мәдениеті жайлы жазылған еңбектері, мектеп ұстаздарының қазақ халық педагогикасы шығармаларын оқу – тәрбие процесінде пайдалану туралы озық тәжірибелері.

Зерттеу әдістері:  тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық, фольклорлық әдебиеттердегі қарастырылған тақырыптарға теориялық талдау жасау, әңгімелесу, оқу процесін бағалау, эксперимент нәтижелеріне баға беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: 

  1. «Ертегі» «таным», «қызығушылық», «танымдық қызығушылық», ұғымдарының өзара байланысының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;
  2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру маңызы қарастырылды;
  3. Казақ халық ертегілерінің бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудағы мүмкіндіктері айқындалды;
  4. Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемесі жасалып, сынақтан өткізілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының танымын диагностикалау;
  2. Ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамыту әдістемелері.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік - эксперимент жұмысы Арқалық қаласының Ш.Уәлиханов атыңдағы  №1 орта мектебінде жүргізілді.

Диплом құрылымы. Диплом кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асыру мүмкіндіктері баяндалды.

«Ертегілер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдіснамалық негізі» атты тарауда «ертегі», «таным», «қызығушылық», «танымдық қызығушылық», түсініктерінің өзара байланысы зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылды, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мазмұны, өзіндік ерекшеліктері айқындалды. Ертегілердің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды.

«Ертегілер арқылы оқушылардың  танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемесі және тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар» атты бөлімде ертегілер арқылы танымдық қызығушылықты дамыту жолдарының мазмұны ұсынылып, зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесі баяндалды.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, жетістіктер мен қорытынды және ғылыми - әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Іздеу