Бастауыш сыныпта қазақ тілін инновациялық әдістер арқылы оқыту жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе .................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1-тарау. Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану жолдары.
1.1. Инновация жайлы түсінік. ...................................................................... .....6
а) Инновациялық технологияларға қойылатын талаптар. ........................ 7
ә) Инновацияның түрлері. .......... ....................................... .......................8-9
1.2. Оқушылардың оқу мүмкіндіктерінің диагностикасы.............................10-13
2-тарау. Бастауыш сыныпта қазақ тілінің лексикасын инновациялық әдістермен оқыту жолдары. .......14-18
2.1. Ассоциация, тірек схемасы арқылы сөз мағынасын түсіндіру................19-21
2.2. Класстер, венн диограммасы арқылы көп мағыналы сөзді оқыту..........22-23
2.3. «Блум жүйесі» бойынша омонимдерді оқыту..........................................24-29
2.4. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша синоним
сөздерді оқыту. .........................................................................................30-35
2.5.Халықтық педагогиканы сабақта қолдану арқылы антонимдерді оқыту.36-40
2.6. Сөздік қорды түсіндіргенде тренинг сабақтардың элементтерін
қолдану. .....................................................................................................41-47
2.7. Деңгейлік тапсырмалар арқылы фразеологизмді оқыту........................48-53
2.8. Топтастыру, жұптастыру әдістерімен мақал-мәтелдерді оқыту............54-56
Қорытынды ................................................................................................57-58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................59-60


Кіріспе
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі-қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Қазақ тілія оқыту әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі-тарихы жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.,
Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері, қалыптасқан жүйесі бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен, оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ қазақ тілік оқыту әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыга ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады. Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. Сонымен бірге әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген, мектеп тәжірибесінен сыналған ең тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға мумкіншілік жасайды. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің инттеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бұл жағынан алып қарағанда қазіргі таңдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінде ілгері дамушылық барлығына көзіміз жетеді. Қазір әдіскерлеріміз дамыған елдердің әдістеме саласындағы жетістіктерінен оқу үйренуден, тәжірибе алмасуда. Соңғы уақытта қазақ тілін оқыту әдістемесінде инновация термині көп ұшырасып жүр.
'"Инновация" латын сөзі қазақша жаңаша білім беру дегенді білдіреді. Осы терминмен қатар жаңа әдіс – тәсілдерде енді. Олар: кластер, венн диограммасы, кубизм, сын тұрғысынан ойлау деңгейлік тапсырма, ассоциация, тірек схемасы т.б.
Бұл жаңа оқыту технологиялары педагогика әдіс - тәсілдерін бүтіндей жоққа шығармайды, олардың жетістіктерін еске ала отырып, оны әдістермен байытып, білім алуды оқушылардың өз іс -әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңдағы қазақ тілінің мұғалімінің ең басты міндеті мәдениетті түрде біліммен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатка тез жететіндей тиімді жол іздеу. Менің ойымша, ол жол табылды. Ол инновациялық әдістер.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті
Аталған мәселені зерттеудегі басты мақсатымыз - бастауыш сыныпта қазақ тілін инновациялық әдістер арқылы оқыту жолдарын анықтау. Осы мәселені зерттеу үшін біз алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияның оқушылардың даму деңгейіне тигізетін ықпалының тиімділігі мен нақтылығын анықтау.
- Бастауыш сыныпта қазақ тілін жаңа технологиялармен оқытудың
тиімді жолдарын анықтаймыз.
- инновациялық әдіспен оқытудың сабақ жоспарларын көрсету.

Жұмыста қолданылған әдістер
Аналитикалық, бақылау, статистикалық, эксперимент әдістері.
Жұмысқа негіз болған материалдар.
а) қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша
жазылған еңбектер.
ә) педагогика мен психологияның ғылыми табыстары.
б) әдіскерлер мен мұғалімдер тәжірбиесі, эксперименттік жұмыстың
нәтижесі.
Жұмыстың практикалық құндылығы
Жұмыс нәтижесін бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.
Жұмыстың өзектілігі.
Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда инновациялық әдістермен оқытатын мұғалімдер өте аз. Бұл сала әлі зерттелінбей жатыр. Сол себепті дипломдық жұмысымызды осы мәселеге арнадық. Бұл айтылғандар дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсете алады деп ойлаймыз.

Іздеу