«Оралман» мәселесі, тарихи туындауы мен қарастырылуы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе________________________________________________________3
1. «ОРАЛМАН» МӘСЕЛЕСІ, ТАРИХИ ТУЫНДАУЫ МЕН ҚАРАСТЫРЫЛУЫ 1.1 «Оралман» түсінігі, анықтамасы_______5
1.2 «Оралман» мәселесінің тарихи пайда болуы___________________________8
1.3 Қазақстандағы «оралман» мәселесінің туындауы, ресми қарастырылып, шешілуі_______12
2. «ҚАЗАҚ» ДИАСПОРАСЫНЫҢ ТАРИХИ, САЯСИ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОНЫСТАНУЫ
2.1 «Қазақтардың» атамекеннен қоныс аударуы, орналасуы________________19
2.2 «Қазақ» диаспорасына қоныстану үрдісінің этномәдени өзгерістер әкелуі
( Моңғолия мысалында)______________________________________________24
2.3 «Қазақ» диаспорасындағы этикалық ерекшеліктердің болуының себеп – салдары______32
3. ҚАЗАҚСТАН ЕГЕМЕНДІГІ - «ОРАЛМАН» МӘСЕЛЕСІН ТУЫНДАТУШЫ КҮШ
3.1 «Оралмандардың» Қазақстандағы орналасу аймақтары________________36
3.2 Қазақстандағы «оралман» көші-қоны_______________________________43
4. «ОРАЛМАН» ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
4.1 «Оралман» қазақтардың тұлғалық сипаттарының тәжірбиелік
зерттелуі__________________________________________________________49
4.2 Зерттеу нәтижесіндегі қорытындылар_______________________________54
4.3 «Оралман» қазақтардың атамекен жеріне бейімделу үрдісіндегі кері ықпалдар және тиімді өтуіндегі шаралар_____60
Қорытынды________________________________________________________66
Пайдаланған әдебиеттер тізімі________________________________________70
Қосымшалар_______________________________________________________73


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан елі егемендік алуынана бастау алатын  «Нұрлы көш». Өзіндік тарихи, әлеуметтік, демографиялық, саяси сонымен қатар педагогикалық – психологиялық мәселелерді жаңа қырынан көрсетіп, шешуіне талап қоюда. Себебі осы уақыттың арасында  демограф М.Тәтімовтың болжамыны бойынша 1миллион жарым қазақ елге оралып,  638 мыңы қайта өзінің бұрынғы тұрған жеріне қайта көшкен. Елім, жерім деп келген «қазаққа» да, қандасын қабылдаушы «қазақстандақтарғада» бұл үрдіс  қуаныш пен қиыншылықтар туғызды. «Оралмандардың» тарихи отанына сіңісіп, орын теуіп, жаңа ортаға түсіністік табуында, «қазақстандық» тұлға болып қалыптасуынада бір қатар проблемалар: жасына, жынысына, орналасу  орнына байланысты туындайды. Оны шешу жеке мәселе емес, мемлекеттін саяси  деңгейінде болды. Соның ішінде псхологиялық – педагогикалық жақтарыда оңай емес еді.

Зерттеудің мақсаты: «Оралман» қазақтардың қазақстандық ортасына қалыптасуын, бейімделу үрдістің психологиялық – педагогикалық басқару қажет екендігін дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • «Оралман» терминімен оның шығу себептері ;
  • Қазақстандағы «оралман» мәселесінің туындауы, мәселенің шешілуі, тарихи әлеуметтік маңыздылығын нақтылау;
  • Жаңа ортаға «оралман» қауымындағы кездесетін «жарамды» және «жарамсыз» жақтарын сараптау,
  • Жаңа ортаға «оралмандардың» бейімделуіне қажетті әрі тиімді педагогикалық – психологиялық жағдайды белгілеп шығару, нақтылау, нұсқаулар жасау.

Зерттеу нысаны: Қазақстандағы көші-қон үрдісі.

Зерттеу пәні: «Оралмандардың» қазақстандық ортаға тұлғалық бейімделуі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер «оралман» қауымына тұлғалық ерекшелігіне сәйкес психологиялық – педагогикалық шаралар жүргізілсе, онда оның «жаңа қазақстандық» ортаға бейімделуі мен қалыптасу үрдісі жылдам әрі нәтижелі болады.

Зерттеу базасы: Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 1-4 курс оқитын студенттері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Оралмандарды әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуіне психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп тұлғалық қалыптасыуна оң нәтиже беру.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: «Оралман» студенттерді әлеуметтік ортаға  қалыптасуына әлеуметтік – тренингтер жүргізілді.

Дипломдық тәжірибеде: Тұлғаның жаңа ортаға бейімделуне байланысты, сенімділік қарым-қатынасын, интеллектісін қалыптастыру мақсатында тест, сауалнама, проективті жоба жүргіздім. Тесттер, проективті жоба, сұрақнамалар жүргізіп қорытындылап анализ жасадық. Сол қорытынды нәтижесі бойынша диограмма жасадық.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Отандық және алыс –  жақын шетелдік ғалымдарының теориялық тарихи демографиялық, әлеуметтік, саяси, педагогикалық, психологиялық фундаменталды зерттеулері.

Қазақстан Республикасының қабылдаған ресми құжаттары:  Заңдары, заңнамалары, тұжырымдамалары, бағдарламалары, ұлт, ұлыс, әлеуметтік мәселелерге байланысты БҰҰ қабылдаған құжаттары.

Зерттеудің тәжірбиелік негізі: Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Өскемен облысындағы «оралман» қауымдары,  Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 1 – 4 курс студенттері, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студентері.

Диплом жұмысымыздағы маңыздылығы: Жұмыс мазмұны мен тәжірбие қорытындысын әлеуметтік педагогика мен психология, этнопедагогика және этнопсихология, тұлға қалыптастыру психологиялық дәріс, тәжірбие сабақтарында педагогикалық колледжі және педагогикалық жоғары оқу орнында сабақта қолдануға болады. Оқу, тәрбие орындарында сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстарына көмек көрсетер еді. Оның ішінде «оралмандар» қауымының шоғырларының қоныс тепкен жерлерінде.

Қолданылған ғылыми зерттеу әдістері:

«Жаңа ортадағы сіздің адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бейімділігіңіз» сауалнамасы Г.Д.Горбунов

«Әлемде жоқ жануар» проективті  әдістемесі М.З Друкаревич

«Тұлғалық қалыптасудағы өзін-өзі бағалау дәрежесін анықтау»          

Тест Столин 

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, қорытынды, негізгі төрт бөлімнен,  пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Іздеу