Дарынды балалар және олардың психикасын қалыптастыру жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе
1 Дарынды балалар және олардың психикасын қалыптастыру жолдары
1.1 Дарындылық ұғымына жалпы сипаттама
1.2 Жеткіншек жасқа сипаттама (11-14 жас)
1.3 Отбасында дарынды бала психикасын қалаптастыру негіздері
2 Отбасындағы дарынды баланың психикасын қалыптастыру жолдарын практикалық зерттеу
2. 1 Практикалық зерттеудің әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейтестігі. «Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» – деп Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын.

     Еліміздегі психологиялық қызметтің әлемдік психологиялық қызмет деңгейіне қол жеткізу үшін ел басының дарынды балаларға айтқан бес ғибратын ұстаным ету керек:

  • Алдына мақсат қоя біл, талмай ұмтыл, мақсатына толық бірден жете қоймасаңда мойыма, алған бетінен қайтпа.
  • «Қолымнан келмейді» деген ұғымды санаңнан бір жола өшіріп таста, ылғида «қолыңан келмейтін іс жоқ» деген сенімді бол! Бұл сенім жігеріңді жанып, жеңіске бастайтын бірден бір жол.
  • Санаңда үрей қорқыныш өшпенділікпен күншілдік сенімдері үстемдік құрып жүрсе олардан тез арыл, үрей мен қорқыныш алға басуына бөгет болып, аяғынды тұсайды, біреуге деген өшпенділігін онында саған деген өшпенділігін қоздатады. Ешкімді күндеме күншілдік – дерт айықпас ауру.
  • Қанша білімді болсанда ешқешен білімдімін деп мақтанба.

Әрқашан денсаулығынды сақтап, нығайту отыру-парыз. Тәнінді таза ұста. Бей ауыз болма, былапыт сөз айтудан – аузынды, тыңдаудан – құлағынды сақта.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Әр баланың қабілетіне қарай  интеллектуалды дамуын және жеке адамның  дарындылығын маселелері көрсетілген.

Өйткені ғылым мен техниканы әлемдік деңгейде дамыту шығармашылықпен  жұмыс жасайтын білімді де білікті мамандлар қажет. Ал олар  қабілетті дарындылырдың ішінен шығады. Дарынды, қабілетті балаларды іздеп тауып, оларды оқыту мен тәрбиелеу бүгінгі күні өзекті мәселе.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы 1996 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы шықты. Осы жарлықты жүзге асыру мақсатында республикада дарынды балармен жұмыс жүргізу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» рспубликалық ғылыми практикалық орталығы  құрылды.

Адамзат үшін XXIғасыр жаңа технологиялардың жаңалықтардың ғасыры болмақ, ал осы жоғары технологияларды жүзеге асырып өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқушыларының еншісінде болмақ.

Демек бүгінгі міндет – бойында елге-жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған , еісі көңіліне үміт отын жағып жүретін ,өз Отанына аянбай қызмет ететін, озық ойлы, тапқыр дап табанды, сауатты да салауатты адамды тәрбиелеу.

Елбасы білім мен ғылым қызметкерлерінің II съезінде « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.

Ұлттық тәрбиені білім негізі мен ұштастыра, сабақтастыра отырып,  баланың жеке қабілеті мен  дарынын ояту, жетілдіру, шығармашылыққа, іскерлікке баулу халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіруі, имандылық мінез-құлқын қалыптастыруын жүзеге асырып көзделуі тиіс. Соны мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде, Әр баланың жеке қабілеті не қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.  Сондықтан соңғы кезде дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда  көп пайда әкелетіні анық.

Дарынды бала болмайды. Ашылмаған дарынды, қабілет иесі  болады деген үстанымды  қолдай отырып, егер мұғалім әр баланы  дарын иесі деп таныса  онда Қазақстан әуелетінің  болашағы жарқын болмақ.

Дарынды бала өзге балалардан  өте ерте оянған  қабілетінен  басқа ешқандай айырмашылығы жоқ . Ол да бала .

Қазакстан Республикасының білім туралы заңында дарынды және қабілетті оқушыларға арнайы жағдай жасау туралы айтылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы білім беретін мекептерден басқа, гимназия, лицей, колледж, терендетіп оқыту мектептері, авторлық мектептер, "балабақша — мектеп", "мектеп-ЖОО" деген кешенді және басқа да жеке меншік мектептер бар. Бұлардағы мұғалімдер жаңа, даралап оқыту бағдарламасы және оқу жоспарымен жұмыс істей бастады. Олар ізгілік, демократия, дифференциалды, вариативті оқьту ұстанымдарын қолданумен балаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын игілікті жүргізуде.

Сара Назарбаеваның қолдауымен Қазақстан "Бөбек" қоры және соның аясында арнайы мектеп ашылып, онда "өзін тану" бағытында жұмыс істеуде. Мұнда жетім балалармен қоса, жалпы дарынды, қабілетті балаларға, жас буындарға көңіл бөлу, оларды оқытып-тәрбиелеу қарастырылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі — жас дарындарды ашу, әлемдегі балалармен байланыс орнату, әлем елдерінін өнері, шығармашылығы, мәдениетімен таныстыру, соған демеуші болу.

Ғылыми жаңашылдығы: Дарындылық ұғымын зерттеушілер әлі күнге дейін зерттеуде және де жақсы нәтижелерге жетуде: шетел зерттеушілері: Терман, Гельфорд, Таненбаум, Пассау, Штернберг, Дэвидсон және де т.б., бірақ дарындылықтың дамуына отбасының әсері әлі де толық зерттелмеген. 

Практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері болашақ педагог-психолог мамандарға, класс жетекшілеріне, ата-аналараға әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.

Қазіргі мәселелерді шешу, ахуалын бағалау: Дарындылықты қазақ ғалымдары зерттей қойған жоқ, зерттеседе аз қарастырылған. Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін «шығармашылық» термині кең қолданылған. Шетел психологиясында шығармашылықтың қалыптасуына ықпал ететін тұлғалық және ойлау қасиеттеріның жиынтығы «креативтілік» терминімен белгілі.

Шығармашылық психологиясында креативтілік атауымен белгілі болған бағытты Э.Г.Юдин, С.М.Бернштейн, А.Л.Лук, Дж.Тилфорд, С.Медник, В.Смит, К.Тейлор, Е.Торренс, Н.В.Кипиани, А.М.Магюшкин және тағы басқа ғалымдар зерттеді [5].

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Отбасындағы дарынды балалардың  психикасын қалыптастыру жолдарын анықтау

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. «Дарынды бала», «Дарындылық» ұғымдарын ашу;
  2. Дарынды баланы анықтау жолдарын белгілеу;
  3. Отбасындағы дарынды баламен жұмыс жасаудың практикалық зерттеу нәтижесінде, мазмұнын нақтылау

Жұмыстың нысаны: жеткіншек баланың психикасы

Жұмыстың пәні: дарындылықты қалыптастыру жолдары

Жұмыстың зерттеу объектісі: дарындылық

Жұмыстың болжамы: егер отбасы баланың қабілетін қалыптастырып, жүйелі  дамытып отырса, нәтижесінде баланың  дарындылығы жетіледі.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері:  Жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы мен мектептің  және қоғамның байланысына  таным теориясы тұрғысынан қарау, отбасы тәрбиесінің теориясы,  әлеуметтендіру теориясы, білім  беру теориясы және тәрбие теориясы.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық, тарихи, заң және құқықтық ережелерге, авторлық және оқу тәрбие бағдарламаларына, әдістемелерге талдау жасау, мектептегі танымдық үрдістерді бақылау, ата-аналар, мұғалімдер, мектеп оқушылары арасында түрлі сауалнамалар (анкета, әңгімелесу, сұраққа жауап т.б)  жүргізу материалды саралау, моделдеу, математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері қолданылды.

Зерттеу базасы: Ыбырай Алтынсарин атындағы Гимназия

Дипломдық жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдалынған әдебиеттерден, қосымшамалардан тұрады.

Іздеу