Дипломатиялық қасиеттерді қалыптастыру жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе_____________________________________________________________3
1. Дипломатия, Дипломат ұғымдарына жалпы түсінік
1.1 Дипломатия сөзіне берілген анықтамалар_____________________6
1.2 Дипломат, яғни халықаралық саясаттағы жеке тұлға___________11
1.3 Қазіргі Қазақстандағы дипломатия _________________________17
2. Халық дипломатиясының негізі – бала тәрбиесінен басталады
2.1 Жеке тұлға қасиеттері_____________________________________21
2.2 Жанұядағы сыйластық ____________________________________27
2.3 Орта, яғни достық пен көрші татулығы ______________________35
2.4 Қоғамдағы қарым-қатынас, келісім _________________________42
3. Қазақ халық дипломатиясының жоғарғы сатысы ел бірлігі
мен тұтастығын сақтау дипломатиясы
3.1 Қазақ дипломатиясының бастау алуы________________________46
3.2 Қазақ хандарының дипломатиясы___________________________49
3.3 Қазақ билерінің дипломатиясы _____________________________54
4. Дипломатиялық қасиеттерді қалыптастыру жолдары
4.1 Балалар бойында адамгершілік қасиеттерді, достықты қалыптастыру жолдары__________ 61
4.2 Сабақ барысында балаларға әдептілік қасиетін қалыптастыру___65
4.3 Отбасындағы татулықты, бірлікті сақтаудың жолдары_________70
Қорытынды __________________________________________________72
Пайдаланылған әдебиеттер______________________________________74
Қосымша_____________________________________________________76


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі әлемдегі халық пен бір халықтың, жанұя мен тұлғаның жан дүниелік түсінбеушіліктер туындап отырған қан-төгіс, ажырасу, өзі-өзінің жанқиярлық жағдайдың етек алуы. Дипломатиялық (түсінушілік, тіл табысу) қасиеттер мен қағидалардың өмірде қозғаушы күштер мүмкіндіктерін қалыптаспау және қалыптастыруға әлі де болса, аз көңіл бөлінуінде деуімізге болады.

 «Біздің ұлы мақсатымыз – этникалық шығу тегіне қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық – егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Ол үшін біз әлі күнге дейін ынтымағымызға кедергі келтіретін болымсыз істерден және қолдан жасалған кедергілерден арылуымыз керек», - делінген Қазақстанның ұлт бірлігі – доктаринасында [1]. Сондықтан да біз жаңа тарихи кезеңде ел болашағына кедергі келтіретін іс-әрекеттер мен қасиеттерден арылуымыз керек.

Мемлекетіміздің егемендігін, тұтастығын, қауіпсіздігін сақтауда және қуатты, заманауи мемлекет құру жолында бәріміз жұмыла ат салысуымыз керек. Мемлекетіміздің болашағы – жастар. Еліміздің болашақта берікте, бірлікте өмір сүруі осы жастарға байланысты. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы да тәрбиенің міндеттері: «Балалар мен жастарды азаматтыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру», - делінген [2]. Сондықтан да біз балаларды жастайынан елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеуді басты міндетіміз ретінде қабылдауымыз керек. Және де балаларды тәрбиелеуде олардың құқықтарының шектелмегені дұрыс.

 Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңының 4-бабында «Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдіктеріне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие», - деп көрсетілгендіктен балаларды тәрбиелеуде бала құқықтары шектеліп, бұзылмауы керек [3]. Балаларды әр уақытта отансүйгіштікке, азаматтыққа, бойларында дипломатиялық қасиеттерді дамыта отырып, мемлекетіміздің болашағын жарқын етіп қалыртастыру.        

          Дипломат, Дипломатия түсінігінің мазмұны жағынан аз шеңберде қарастырылуы көбінесе елшілік, билік ретінде. Шын мәнінде дипломат болу, дипломатиялық қасиеттің жеке адамның басында қалыптасуы өмірді жеңілетін көптеген өмір қиыншылығын тудырмайтын үлкен жетістіктерден көрінуге, жетуге мүмкіндік туғызатынын әлі де болса педагогика және психология ғылымдары қарасытырмай келе жатқан тың тақырып болуында.

          Тақырыптың мақсаты: Қоғамдағы дипломатия мен дипломатиялық қасиеттердің орнын көрсету.

          Тақырыптың міндеттері:

  • Дипломатия мен дипломатия қасиеттерінің анықтамасын сараптау;
  • Ресми дипломатияның өзге халық дипломатиясынан екенін көрсету;
  • Дипломатияның бала бесігімен, отбасы, тұрмыстан бастау алатынын дәлелдеу;
  • Дипломатияның даму сатыларын тарих пен тұрмыстық мысалдармен нақталау;
  • Дипломатиялық қасиеттерді қалыптастыру жолдарын, әдіс-тәсілдерін көрсету;

Тақырыптың ғылыми болжамы: Егер, баланы жастан дипломатиялық қағидаларды негізгі ала отырып, келісімді қасиеттерді қалыптастырса, өмірлік жолының даңғыл жемісті де, жеңісті болады.

Зерттеу нысанымыз: дипломатиялық қызмет пен қасиет

Тақырыптың ахуалын бағалау: Тақырып Қазақстанда диплом ауқымында, динамикалық, тарихи байланыста қарастырылмаған. Негізінде әр әлеуметтік «бөлшектер» жеке-жеке зерттелген: «ел аралық дипломатия», «ел ішілік дипломатия». Ал, «тұлға мен тұлға, жанұя» дипломатиясы қарастырылмаған, не болмаса шеңбері кішірейтіліп: «қарым қатынас» деген түсінікпен шектелген.

Тақырыптың ғылыми әдіснамалық теориялық негіздері:

Ресми, халық дипломатиясының отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері (Қозыбаев Ілияс, Төреғұлов Нәзір, Ғаббасов С).

Тәрбие және білім үрдісіне байланысты Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар, заңнама, тұжырымдама, бағдарламалар («Білім заңы» (2007ж), «Білім бағдарламасы» (2009ж) «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», «Ұлт бірлігі – доктаринасы» (2010 ж) «Балалар құқығын қорғау» (2002).)

БҰҰ, ОБSЕ ұйымдарының адамға, тұлғалық дамуына байланысты қабылданған құжаттар: «Адам құқығы туралы декларация», «Бала туралы конвенция»

Қазақ хандары мен би шешендердің тарихтағы орны, қазақ халқының бірлік сақтаудағы салт-дәстүрлерінің ғылыми жиынтығы, психология – педагогикалық халық тәсілдерінің мұралық еңбектері т.б.

Тақырыптың тәжірибелік негіздері мен базасы: Дипломдық жұмыста халық тәжірибесі қарастырылған: отбасы, жеке, қоғамдық тәрбиесінің дипломатиясы; қазақ билер, хандар мен шешендердің ел бірлігін сақтаудағы тарихи орны; бүгінгі Қазақстандағы дипломатия жұмысының – ел ішінде және көрші елдермен, әлемдегі бірлік пен теңдікті ұстау тәжірибесі.

Тақырыптың маңыздылығы мен жаңашылдығы:   

Дипломатия түсінігі мен тұлға қасиеттерінің кең шеңберде қарастырылуы, күнделікті өмірмен байланысты өмірдегі қалыптастырушы орнын көрсетуінде материалды бесіктегі баладан, үлкен қоғам мүшесіне дейін қолдана алады. Тәрбие сағаттары мен сабақтарда, студенттердің тәжірибе уақытында әдәскерлік материал ретінде қолданыста болуы мүмкін.

Қолданылған ғылыми-зерттеу әдістері: 

Тестер, сауалнама, суретті, диагностикалық тестер, аяқталмаған сөйлем, «эссе жазу», болашаққа хат, ситуация шешу, т.б.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Кіріспе, негізгі 3 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу