Еңбек тәрбиесі (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе:
І. Кіріспе бөлім: Еңбек тәрбиесі туралы жалпы түсінік 5-8 бет
І.І. Еңбек тәрбиесі адам өмірінің, дамуының басты құралы. 9-11 бет

І.ІІ. Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі 11-16 бет

І.ІІІ. Оқушыларға және мектепте кәсіптік бағдар жүйесі 16-22 бет

І.ІҮ. Ертегілер арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу 23-26 бет

ІІ. Негізгі бөлім: Еңбек тәрбиесінің тәлім-тәрбиелік мәні. 26-29 бет

ІІ.І. Балаларды еңбекке тәрбиелеудің педагогикалық
тәлім-тәрбиелік мәні 30-33 бет

ІІ.ІІ. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ананың рөлі. 33-35 бет

ІІ.ІІІ. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде мұғалімдерге
қойылатын педагогикалық талап. 36-38 бет

Қорытынды: 38-39 бет

Практикалық бөлім: 40-42 бет

Пайдаланылған әдебиет: 43 бет


Тақырыбымыздың актуальдығы қазіргі замандағы бастауыш сыныптардағы негізгі және қажетті сабақтарда түрлі еңбек элементтерін пайдаланудан туындайды.

 Еңбегіміздің зерттеу объектісі оқушы, ал кеңінен айтқанда оқушыға сабақты меңгеруде еңбекке баулу элементтерін пайдаланудың әдістерімен жолдарын белгіледі.

 Мақсаты:

- Жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегіне деген қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.

- Жас ұрпақтың бойында адалдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

- Еңбек әдістері арқылы баланы қызықтыра отырып, баланың денсаулығын нығайтып, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін білу дағдыларын дамыта түсу.

- Оқушыларды пайдалы іске, мәдениетті сөйлеуге тапқырлыққа, ептілікпен күштілікке, бірлесіп қызмет атқаруға, төзімділікке тәрбиелеу.

- Еңбектану кезінде оқушылардың жеке басының тазалығымен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.

- Оқушыларды ізденімпаздыққа, зейінділікке, тапқырлыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Олардың рухани жетілуімен табиғи өсуін, және халықтың салтын үйренуге, табиғат құбылысын тануға, бабаларымыздың мирас болып қалған рухани асыл қазыналарын құрметтеуге үйрету, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, ұлттық салт-сананы бойына сіңіру.

 Міндеті:

- Жастардың организмін дамыта отырып, сан қилы дене еңбегінің түрлерімен салыстыру;

- Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрену, оған дағдыландыру;

- Шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету;

- Саналыда, сапалыда еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі;

- Еңбек ету іскерлігін дағдысын дамыту;

- Еңбегінің нәтижесіне, азда болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту;

- Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету;

- Қабілетіне қарай-мамандыққа ие болуына бағыт беру;

- Еңбек белсенділік, бастамашылдық, ұйымшылдық, оны жоспарлай білушілік мүмкіндіктерін дамыту.

 Жету жолдары:

а) Сабақта еңбектену арқылы еңбекке баулу әдістерін жеке-жеке қарастыру.

б) Оқушылардың еңбек арқылы еңбекке бейімділігін зерттеу.

в) Теориялық материалдарды салыстырмалы ретке келтіру.

г) Сабақта еңбек элементтерін пайдалану нәтижесінде туындайтын мәселелерді қорыта отырып, тұжырымдама жасау.

д) Оқу үрдісіндегі жұмыстардың нәтижесінде практикалық және теориялық оқу-тәрбие жұмыстарындағы орындарын анықтау.

Негізгі идея: (гипотеза)

Еңбектану еңбек әдістерін сабақта неғұрлым зерттесе, соғұрлым олардың мазмұндық жағы тереңдей түседі.

Іздеу