Әлеуметтік – психологиялық тренингтің теориялық негіздері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ
1. Әлеуметтік – психологиялық тренингтің теориялық негіздері
1.1 Әлеуметтік – психологиялық тренингтердің шығу тарихы, даму кезеңдері
1.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтердің мақсаты, міндеті, принциптері
1.3 Әлеуметтік – психологиялық тренингтердің негізгі топтары мен түрлері, әдістері
2. Тұлғаны қалыптастыратын жолдар
2.1 Тұлға ұғымына анықтама
2.2 Тұлғаны қалыптастыру жолдары
2.3 Тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік – психологиялық тренингтердің маңызы
3. Тұлғаны әлеуметтік ортаға қалыптастырудың тәжірибелік жолдары.
3.1 Тұлғаның шығармашылық қабілетін қалыптастыруға арналған тренингтер
3.2 Тұлғаның қарым - қатынасқа түсе білу қабілетін қалыптастыруға арналған тренингтер
3.3 Тұлғаның сенімділік қабілетін қалыптастыруға арналған тренингтер.
3.4 Тұлғаның интеллектісін қалыптастыруға арналған тренингтер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ 

Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты: жоғары білімді, бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай-ақ алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.

ХХ ғасырдың 40 жылдарынан қолданыс таба бастаған тренингтер (ағылшын «to train» - оқыту, жаттықтыру) оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып, мәселені әр қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Бұл – тұлғааралық қарым – қатынасты дамытуға ықпал ететін: өзіне - өзі баға беру, өзіне басқалардың көзімен қарау, өзгенің пікірін тыңдау, келісе алмаса да түсінуге тырысу, басқа да көзқарас пікірлерге деген төзімділік және әр адамның шығармашылық дағдыларын тануға үйрететін мүмкіндік кеңістігі.

Батыста білімді байыту, дағды мен машықтарды іскерлікке баулудың тиімді тәсілі ретінде танылады. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны практикалық тапсырмалармен астастыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы эвристикалық әдістемеге жол ашады. Жеке тұлғаны қалыптастырудың әртүрлі топтары бар. Психологиялық коррекциядағы көптеген топтық әдістер жеке тұлғаның дамуының теориялық жақтарын қарастырады. Қазіргі заманғы психологияда адамның тұрақты бейнесі жоқ, ол табиғатынан өзгермелі және әртүрлі.

Қазіргі кезде әлеуметтік - психологиялық тренингтің бір - бірімен тығыз байланыста болатын көптеген түрлері бар. Топтық жұмыстың көптүрлілігі мен формалары жеке тренингтің бағдарламасының негізгі теориялық тәсілдеріне сүйене отырып жасалады. Әртүрлі топтық тренингтің түрлері өздеріне қойылған мақсат пен міндеттерді шешу үшін белгілі бір әдістерді және әлеуметтік - психологиялық тренингтің техникасы мен тәсілдерін қолданады. Әлеуметтік - психологиялық тренингтің альтернативті дәстүрлері оқытудың көздері мен формасы ретінде қолданылып белсенді оқыту қатарына кіреді. Тренингке жеке тұлғаның когнитивтік, эмоциялық және жүріс – тұрыс мәдениеттері өз әсерін тигізеді. Әлеуметтік - психологиялық тренингтерде бұл паттендердің бірігуі арқылы тұлғаның әсерлерінің репертуарын кеңейтуге болады. Тар мағынада әлеуметтік - психологиялық тренинг жеке тұлғаның коммуникациялық құзіреттілігін жоғарлатуға бағытталған топтық жұмыстың белсенді формасы. Топтық феноменді зерттеуге Зигмунд Фрейдте өз үлесін қосты. Бірақ ол топтың басты негізі ретінде топ мүшелерінің мүддесі мен қызығушылықтарын белгілеп, өзіне бағындыра алатын адам деп есептеді. Топтық терапияға Фрейд қызығушылық таныта қойған жоқ. Бірақ Фрейдті қолдаушылардың бірі Альфред Адлер топпен жұмыс жүргізуде жеке терапиялық бейімдеу әдісімен емдеп көруді жөн етті.

Зерттеудің мақсаты: Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Жеке тұлғалық тренингте қарым-қатынас мәдениеті қарастырылады. Ал коммуникативтік тренингте топ мүшелерінің «Менін» қалыптастыра отырып, жеке тұлғаны дамытады.

Зерттеудің міндеттері:

- өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

- ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;

- ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

- қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

- өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

- коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

- өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

- көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қарым-қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнамды), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Зерттеу объектісі: Әлеуметтік - психологиялық тренингтер көмегімен тұлғаны қалыптастырудағы  дайындау жүйесі.

Зерттеу пәні: Тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік - психологиялық тренингтердің негіздері.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

- Әлеуметтік – психологиялық тренингтердің мінез – құлықы жаңа білімдерді, ойларды және дағдыларды оқытатын жан-жақты дамыған оқу формасы анықталса;

- Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталса, сонымен бірге топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым – қатынас тренингтерін, тұлғалық өсу тренингтерін мектепте, бала-бақшада және түрлі мекемелерде қолдануға қалыптасса;

- Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуына мүмкіндік болады.

Зерттеу базасы: Б.Майлин атындағы №3 орта мектептің 8 «А» сынып оқушылары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан тұлғаны қалыптастыру мәселелері басшылыққа алынып, ұсынылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Тұлғаны әлеуметтік ортаға қалыптастыру мақсатында әлеуметтік – психологиялық тренингтер жүргізілді.

Дипломдық тәжірибеде: Тұлғаның шығармашылық, сенімділік, қарым-қатынасын, интеллектісін қалыптастыру мақсатында тренингтер жүргіздім. Ойындар, пікірталастар, сұрақнамалар жүргізіп қорытындылап анализ жасадық. Сол қорытынды нәтижесі бойынша диаграмма жасадық.

Зерттеу  әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және  тұлғаны қалыптастыруға байланысты әлеуметтік – психологиялық тренингтерге 

эксперимент жасадық, сұрақнама, салыстыру, әңгімелесу, бақылау әдістерін жүргіздік.

Зерттеудің жалпы әдіснамалық және теориялық негіздері:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, мемлекеттік білім бағдарламалары мен тұжырымдамалары, философиялық, психологиялық тренингтер, психологиялық – педагогикалық негіздер.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасы, педагогикалық-психологиялық және философиялық еңбектер, Қазақстан Республикасының Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық  жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен тұрады, әр тарау үш төрт  параграфқа бөлінген  және  қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу