Ислам дініндегі тәрбие мәселелері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе
1 Ислам дінінің тарихы
1.1 Туындауы,қалыптасып дамуы
1.2 Ислам дінінің бағыттары
1.3 Ислам дінінің таралуы
2 Ислам дініндегі тәрбие мәселелерін қарастырылуы
2.2 Ислам дінінің заманына байланысты тәрбиесі
2.3 Ислам дінінің бала тәрбиесінің тәрбиелік мәні
3 Ислам дініндегі қыз баланың тәрбиесі
3.1 Ислам әйелінің құқықтары,міндеттері,өзіне тән қызметі
3.2 Ислам әйелі жайлы хадистер
3.3 Хиджаб-Исламның байрағы
4 Тәрбие жұмысындағы мұсылмандық тәрбие беру қағидаларын қолдану.
4.1. Иман-сенімнің түсініктемелері
4.2 Мұсылмандықтың басты белгілері
4.3 Исламдағы білім мен тәрбие беру жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету,ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр.Тәуелсіздік алуымызға байланысты Қазақстан территориясында өскендік аз емес,халықтың 70% Ислам дініне сенеді.Президентіміздің 1997 жылғы Қазан айындағы «Қазақстан -2030»деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған.Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси-экономикалық қуатты мемлекеттердің құрыуы болып отыр.Олай болса, қазіргі болмыстың мәдени-философиялық бейнесін қалыптастыру дәуір талабы, жахандану үдерісіндегі идиоэтикалық келбет сұранысы.Мұсылман діні ерекшелігі, оның жеке адам мен қоғамның, ұлт пен ұлыстар, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы маңызының зор екендігі анық байқалады.Аллаға құлшылық ету тәлім-тәрбиемізді қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Мұсылмандық тәрбие берудің педагогикалық қағидаларының тұлға қалыптасуындағы орнын көрсету.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

-Адамзат тарихындағы діни сенімнің туындау тарихын зерттеу;

-Әлемдік діндердің ішіндегі ислам дінінің тарихи туындауы мен ерекшелігін белгілейтін нысандарын айқындау;

-Ислам дініндегі тәрбие мәселесінің қарастырылуын бағытталуын сараптау;

-«Діни»тәрбиенің бүгінгі кезеңдегі рөлін көрсете белгілеу,тұлға қалыптастыруындағы педагогикалық жолдарын көрсету.

Зерттеу нысанымыз:

Діннің адамның қалыптасуындағы орны.

Зерттеу пәні:

Мұсылмандық тәрбие берудің педагогикалық негіздері.

Ғылыми болжамымыз:

Егер мұсылман дінінің тәрбие қағидалары тиімді пайдаланса,тұлға қалыптасуына адами руханият қасиеттерді жоғары болу ықтималы күшее түседі.

Зерттеу базасы: Арқалық қаласындағы медресе 50 адам

Зерттеу ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:Мұсылман дініндегі тұлғаны қалыптастыру мәселелері басшылыққа алынып, ұсынылды.

Тақырыптың ахуалын бағалау: Мұсылман дініндегі тәрбиелеу мәселесі толық зерттелмеген.

Дипломдық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі:

Отандық және жақын-алыс дінтанушы ғалымдардардың еңбектері,Құран хадистері,Қазақстан Республикасына дінге және діни сенімдерге байланысты қабылданған ресми құжаттар:Заңдар,Заңнама,Тұжырымдамалар,Бағдарламалар.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негіздері:

Отандық және шетелдердегі діни тәрбиеге байланысты жүргізген жұмыстар тәжірибесі.Сонымен қатар мектеп,колледж,институт студенттері арасында жүргізілген тәжірбиелік жұмыс қорытындысы.

Пайдаланған зерттеу әдістер: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және  тұлғаны қалыптастыруға байланысты мұсылмандық тәрбиеге зерттеу жүргіздік, сұрақнама, салыстыру, бақылау әдістерін жүргіздік.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:

Жұмыстың мазмұны,тәжірибелік жұмыстың ұйымдастырылуы мен қорытындысын мектепте ,колледжде,институтта сабақта және тәрбие үрдісінде қолдануға болады. «Дін тану»сабағында мектептерде қосымша материал ретінде қарастыруында мүмкін.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

 Кіріспе,негізгі үш бөлімінен,қорытынды,қосымша материал және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу