Қазақстанның білім беру жүйесінің жаңа моделі (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ .......................................................................................................
І. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ .......................
1.1. Еліміздегі орта мектептердің қазіргі жағдайы.......................................
1.2. Дамыған шет елдерде кәсіптік білімнің жастарға берілуі....................
ІІ. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ......................................
2.1. Топтастыра іздестіру сабағы.......................................................................
2.2. Оқу процесінің паспорты.............................................................................
2.3. Технологияны интеграциялау.....................................................................
2.4. Ғылыми ізденіс бастауы..............................................................................
2.5. Білім саласын жаппай компьютерлендіру.................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...............................................................


Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші білім сапасы. Мұғалім балаға білім-білік дағдыларын беріп қана қоймай, әр оқушының сабақ кезінде:

  • өз білімін дамытып
  • жаңа тақырыпты өзі игеріп
  • талдап
  • өз ойын ортаға салып

сол тақырып көлеміндегі материалды біліп, әрі қарай дамуына жағдай жасауы керек. Дәстүрлі сабақта негізгі сөйлеуші, үйретуші мұғалім болса, жаңа технологияның процесінде мұғалімнің міндеті оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы, өз бетінше игеруге сенім білдіру, өз білімін ары қарай дамытуына жағдай тудыру, оқи алуға үйрету, шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік жасау. Психологиялық әдебиеттерде бұл «Дамыта оқыту» деп аталады. Дамыта оқыту деп неміс педагогы  А.Дистерверг «баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды» айтқан.

Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдың теориясына сүйенсек, баланың дамуы оның «актуальды даму аймағынан» (І деңгей тапсырмалары) келесі «жаңа арада даму аймақтарына» ( 2, 3, 4 деңгейлер тапсырмалары) біртіндеп көшіп отыру арқылы жүзеге асады. Бірінші өнімсіз (репродуктивті) деңгей жаттап алуға және үлгі бойынша орындауға лайықты тапсырмалардан құралса келесі деңгейдің тапсырмалары оқушылар өз бетімен, бірақ үлкендердің (мұғалімнің, ата-аналарының) көмегімен орындауға арналады. І, ІІ, ІІІ деңгейлер мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін, ал 4 деңгей оның мүмкіндік  деңгейін қамтиды.

Жануартану пәнін оңай пән деп, оқулықтағы материалдарды жаттап алып, сол тақырып соңындағы сұрақтарға дайындалып келіп, немесе сыныпта мұғалімнің берген білімімен ғана шектелген оқушыларымыз жеткілікті болатын. Ал, қосымша сұрақтарды, қосымша материалдарды үйге тапсырма түрінде беруге болады, бірақ іс жүзінде бұл тапсырманы барлық оқушылар орындамайды. Сондықтан оқушының білімге деген қызығушылығын ояту керек болады. Үй тапсырмасын тексеріп, жаңа сабақпен байланысты материалдарды пысықтап болғаннан кейін, жаңа сабаққа деген мотивация тудыру қажет, онсыз жасаған жұмыстарымыздың көп мөлшері зая кетеді. Бұл кезеңде де оқушы жұппен немесе топпен өз тарапынан білетіндерін ортаға салып «білемін» немесе «хабарсызбын» деген мәселелерге ақпараттар алу үшін ізденеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Сабақ барысында оқушылар нені үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізе отырып бір-бірімен ой алмастыруын және ойлар түйіндеуіне жағдай жасау,  яғни әр оқушы өз білімін шығармашылығын көрсете алады.

Оқу бағдарламалары жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында оқытылатын, дамыта-тәрбиелей отырып оқыту, жүйелілік, сабақтастық ұстанымдарына негізделіп жасалынған және біртұтас биология курсының мазмұнын ашады. Дипломдық жұмыстың міндеті қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесінің  негіздерін және бұл жүйенің мәдениеттегі орны мен қызметін анықтау және оқушылардың таным мүмкіндіктерінің дамуыту.

Жұмыстың өзектілігі биологияны оқытудың негізгі өзнктілігі - тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық, эволюциялық ойлау деңгейі қалыптасқан, экологиялық мәденипеттің негізін меңгерген, дүниенің ғылыми бейнесінің биологиялық саласын бағдарлай алатын, тірі табиғатты зерттеу әдістерінен қажетті біліктері бар, биологиялық білімін практикада- түрлер мен экожүйелерді қорғау шараларында, өндірісті экологияландыруда, салауатты өмір сүруде біршама қолдана алатын биологиялық және экологиялық сауатты тұлға тәрбиелеп, дайындау.   Осымен байланысты пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:

— оқушылардың ғылыми дүниетанымын, оларда тірі жүйелерге және адамға, жануарға деген қатынастың этикалық, эстетикалық критерийлерін қалыптастыру, биологияны мәдениет құбылысы ретінде таныстыру;

— дүниенің ғылыми бейнесіндегі тіршіліктің, оның ішінде адамның орнын түсінуін қамтамасыз етуі.

— зоологияның негізгі идеяларын,  ұстанымдарын,  ұғымдары мен теорияларын, идеялар мен деректердің өзара байланысын, теориялармен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын саналы меңгерту.

— тірі жүйелер туралы оқушылардың алған білімін практикада қолдану біліктерін қалыптастыру.

Зоологияның  нақтылы бағдарламалық мазмұнын анықтауда, ең алдымен:зоологияның ғылым ретіндегі ұғымдар жүйесі мен теориялары және мәдениеттегі орны; 2. оқу пәнінің ғылым моделі ретіндегі мәні ескеріледі. Қазіргі замандағы биологиялық танымның іргелі ұстанымдарының бірі болып табылатын полицентризм тіршілікті барлық қырларымен бірлікте біртұтастықта қарастырады. Сонықтан, зоология ғылымының іргелі, таксономиялық және қолданбалы салалары бойынша мектептің негізгі сатысы үшін биология мазмұнын анықтағанда бұлардың бірде-бірін есептен шығарып тастауға болмайды. Сол сияқты ірі таксондардың да (тірі табиғаттың 4 әлемін – бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) бірін алып, екіншісін керексіз деу қисынсыз. Зоологиялық білімнің практикада қолданылуының салауатты өмір сүру, қоршаған ортаны қорғау және биотехнологиялық өндіріс сияқты, адамзат тіршілігінде ерекше рөлі бар ірі үш саласының да бірін таңдап алып, басқасын тастау жауапсыздық болар еді.

Оқу бағдарламаларында міндетті түрде оқытылуы тиіс мынадай зоологиялық объектілер қарастырылады:

  • тірі организмдерге тән қасиеттер;
  • биологиялық жүйелер (клеткалық – организмдік – популяциялық – түрлік, биогеоценотикалық-биосфералық);
  • тіршілік үрдістері (зат және энергия алмасуы, онтогенез, эволюция, т.б.);
  • тірі табиғи жүйелер (ірі бөлімдер, типтер, кейбір кластар, т.б.) және ірі таксондар.

Іздеу