Қоғамдағы отбасылық тәлім-тәрбие (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
І.Қоғамдағы отбасылық тәлім-тәрбие. 3-6
1.1. Отбасы және балалар тәрбиесі. 6-11
1.2. Отбасы-тәрбие ұжымы. 11-14
1.3. Отбасы тәрбиесіндегі кейбір қиыншылықтар мен қателіктердің түрлері. 14-17
2.Отбасындағы тәлім-тәрбие психологиясының өзектілігі. 17-21
2.1.Отбасында тәрбие процесін жетілдірудің басты шарты мақсаты, міндеттері. 21-24
2.2 Балалармен жеткіншектерді тәрбиелеуде мектептің,
отбасының және жұртшылықтың біріккен іс-әрекеті 24-25
3. Қазіргі заманғы отбасында балаларды тәрбиелеу процесін жетілдірудің
негізгі жолдары 25-27
3.1. Ата-аналардың педагогикалық -психологиялық мәдениетін көтеру -отбасында тәрбие процесін жетілдірудің басты шарты. 28
4.Қорытынды. 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 30


Баланың ар ұжданын тұрақты түрде қалыптасып, бірте-бірте дами түсіп жетілуіне отбасының берер ықпалы зор. Сондықтан ата - аналарға да көңіл аударып көмектесіп отыру, халық ағартушылығына ат салысып жүрген адамдардың мойнындағы парыз дер едік. Әсіресе мұндай көмек жас шаңырақ көтеріп отбасы құрушыларға ауадай қажет. Қашанда жас балалардың көңіл -күйлерінен отбасындағы қарым- қатынастардың жай- жапсарлары аңғарылып тұрады. Отбасындағы үлкендердің арасында дұрыс түсінісу болмаса, оның әсері бірте -бірте жас баланың бүтіндей мінез құлықтарына жағымсыз ықпалдарын тигізе береді. Содан келіп, мүлдем ыңғайға көнбейтін балалардың жағдайлары қалыптасады. Бала тәрбиесінде бұдан ауыр мәселе болуы мүмкін емес. Осы жағдайларды ескере отырып, бүкіл ұстаздар қауымы ата- аналардың арасындағы жұмыстарды, олардың өздерімен келісе отырып бірыңғай жолға қоюды қамтамасыз етулері керек.

Ата-аналарының балаға тәлім етер өздерінің жеке бастарының үлгісі, олардың қарым-қатынастарындағы сүйіспеншіліктері, айналасындағы жандармен сыйластықтары... тіпті шаңырақ астындағы үлкендердің төңіректегі табиғатқа деген көз қарастары да әсерсіз қалмайды.

Отбасындағы үлкендер жағы анда-санда балалардың мінез-құлықтары мен тәртіптерін өзара сөз етіп, ашық пікірлер алмасуының еш артықшылығы жоқ. Осы арқылы бірі байқамаған өзгерістерді екіншісі аңғарып, баланың жөнсіз қылықтарын тежеп жақсы мінездері тәртіптерін дәріптеп отырудың да маңызы зор. Сонымен қоса, ата-аналар да балабақшасының тәрбиешілері де, балалардың өзара достық қатынастарына мән беріп, мезгіл-мезгіл сол балалардың ата-аналарын жеке шақырып әңгімелесіп отырудың да маңызы зор. Бұл баланы жан-жақты түсінуге де, оның іс-әрекеттерін жақсы біліп отыруға да өз көмектерін тигізеді. Әрине, адам болған соң, оның үлкеніне де кішісіне де өмір сүріп отырған қоғамымыздың әсері мол.

Отбасы - қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, және т.б жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Отбасында жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдықпен батырлыққа, сөзбен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенің біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Отбасында негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін.  Халық отбасындағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» , «Балақан өсіру-балапан ұшыру емес» деген мақал – мәтелдерден көруге болады. Ал, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың өссе-ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе -қызы жақсымен ауылдас бол», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады.  

Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көкейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі -әке-шешесі.

Іздеу