Оқырмандық қызығушылық мәселесі (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Оқырмандық қызығушылық мәселесінің теориялық және тәжірибелік зерттелуі.......................................6

1.1 Оқырмандық қызығушылықтың психология-педагогика ғылымдарында қарастырылуы...........................8

1.2 Мектеп кітапханасының оқырмандық қызығушылықты дамытудағы ролі...............................................23

1.3Оқушыларға көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары..........................29

2 Оқырмандық қызығушылық ғылыми педагогикалық проблема ретінде......................................40

2.1 Оқырмандық қызығушылықтың анықтамалары, көрсеткіштері, өлшемі...............................45

2.2 Оқырмандық қызығушылықты қалыптастыруда кездесетін қиыншылықтармен олардың себеп – салдарлары........49

3 Оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру....................................................51

3.1 5-6 сынып оқушыларының оқырмандық қызығыушылықтарын қалыптастыру...................52

Қорытынды...........................................................................................59

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................61


Кіріспе

Ел тәуелсіздігін алып, ана тілі, әдеп- ғұрып ,салт- дәстүрлер қайта оралып жатқан кезде, оның дамуына үлес қосатын жастардың білімді,тәлім-тәрбиелі және өз жерін,ана тілін сүйетін азамат болуында мектептердің алатын орны ерекше. Сондықтан мектептердің басты міндеті-жеткіншектерге пәрменді білім, тәрбие беру,сонымен қатар балалардың өздігінен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Себебі, оқыту, білім беру,дамыту, қалыптастыру секілді үрдістер дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады. Жас жеткіншектердің тәрбие мәселесіне жаңаша көзқарастың қажет екендігін өмірдің өзі талап етіп отыр.Тәрбиеге ең алдымен-отбасы,оқу-тәрбие орындары жауапты десек,сонымен қатар кейінгі уақыттарда олардың қатарына мерзімді баспасөзді кеңінен пайдалану қанат жайып келеді.Баспасөз-мерзімді(газет-журналдар)және мерзімсіз(кітап) басылымдар деп бөлінеді.

Баспасөз барлық уақытта да жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайттарды қозғауда негізгі құрал болып табылған,мектеп оқушыларының басым көпшілігі үшін дүниені танып-білудегі негізгі білім көзі. Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсетіп отырғандай баспасөз құралдарының қай түрі болсын адамның ақыл -ойына, оның дамуына, рухани тұрғыдан өсуіне ықпал етуге мүмкіншіліктері жоғары деп бағаланады.Пән мұғалімдері, тәрбиешілер, ата -аналар үшін балалардың дүние туралы түсінігін қалыптастырып, тіл байлығын жетілдіруде басылымдар үлкен роль атқаратындығы дәлелденген.«Мектеп  жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақта қолдан шығарып алғың келмесе,оны берік ұстау керек», деген екен француз философы Анри Барбюс.Демек,мектеп үшін қазіргі уақыт талаптарының бірі-оқушыларға дәйекті білім, жүйелі тәрбие берумен қатар, оның ойлай алуын тәрбиелеу,түйсігіне әсер ете алу болып отыр.    

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты:   оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу және  оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі уақытта білім берудің негізгі талаптарының бірі – оқушыны әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Соңғы жылғы іс – тәжірибеде байқалған негізгі үрдіс – баспасөздің көмегі арқылы оқушы шығармашылығын дамыту – тек тұлғаның өзін - өзі дамыту қажеттілігіне негізделген. Ендеше осы қажеттілікті оқушы санасына жеткізу – бүгінгі тақырып.

Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының ақпаратты қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін, танымын, жақсы-жаманды айыра алуын дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

 Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: оқушының шығармашылық қабілетін тану  және көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Дипломдық жұмыс пәні: оқырмандықты, оқушы шығармашылығын қалыптастыру  және  оқушыларға  баспасөзбен  тиімді жұмыс жасаудың жолдарын үйрету.

Дипломдық жұмыстың міндеті: Оқушының;

  • қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
  • көркем шығарманы,баспасөзді оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
  • шығармашылығын дамытудың деңгейлерін, көрсеткіштерін айқындау;
  • сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
  • ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау әдістері.

Ғылыми-теориялық көздері: Қазақстан Республикасының ресми құжаттары, Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары.

Зерттеу базасы: О.Қ.О Сарыағаш ауданы,Келес колледжі, №89 Лесбек орта мектебі, 2ОҒӘК балалар бөлімі,№1 Ш.Уалиханов атындағы профильді орта мектептің 5-6 сынып оқушылары.

Практикалық құндылығы: оқушылардың оқырмандық қызығушылықтарын кітапханашылардың, пән мұғалімдерінің,ата-аналардың,сынып жетекшілерінің ескеруі және оны бағытқа алуы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен,қортындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Болжам-егер,   баспасөздің мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісінде  кеңінен пайдаланылса ,онда  оқушыларды ақпараттық заманда өз тәжірбиелерінде  тиімді пайдалануға үйреткен болар едік.

Тақырыптың ахуалы: оқушыларда оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру жолдары проблемасы елімізде бұрын -соңды терең зерттелмеген.

Бұл тақырыптың теориялық-тәжірбиелік бөлімдері оқырмандық қызығушылық проблемасын зерттеудің бастамасы.

Іздеу