Педагогикалық сұхбаттың педагогикалық негіздері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................
1. Педагогикалық сұхбаттың педагогикалық негіздері............................
1.1 Педагогикалық сұхбаттың анықтамасы..............................................
1.2 Педагогикалық сұхбаттың түрлері......................................................
1.3 Педагогикалық сұхбатқа қойылатын талаптар.

2. Педагогикалық сұхбаттың нысанды тәуелділігі.................................
2.1 Педагогикалық сұхбат нысан жасына байланысты............................
2.3 Педагогикалық сұхбат жекелік мінездемесіне байланысты...............

3. Мұғалімнің педагогикалық сұхбатындағы қалыптасқан қателіктері, оларды түзетудің тәжірибелік жолдары........
3.1 Мұғалімнің педагогикалық сұхбат жүргізудегі негізгі қателіктер.....
3.2 Педагогикалық қателікті түзету жолдары............................................
3.3 Мұғалімге әдістемелік ұсыныстар.......................................................

4 Қорытынды...............................................................................................

5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................

6 Қосымшалар..........................................................................................


Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына [1] сәйкес 12-жылдық білімі беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оқушылардың мектепте алған білімдерді олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өзгермелі өмір шартына даярлау, болашақ мамандықты таңдауға бағыттау мәселесі жаңа қоғамдағы «Жаңа формация мұғалімдеріне» жүктеліп отыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалық білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» [2] , - деп атап көрсетті.

Еліміздің «Білім туралы» заңында жеке тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау атап көрсетілген [3].

Мектеп оқушыларының  жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері  білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: «Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс. әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән сапасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай асырауға көмектеседі» [4] делінген.

Бұл биік мақсатқа жету үшін мұғалімдерге бірнеше талаптар қояды.Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік іскерліктерімен дағдыларды меңгеру маңызды. Ол кез келген оқу тәрбиелік әдістерді қолдана отырып әр бір  оқушымен, оның құрдасымен, ата – анасымен басқа да қоғамдық ортасымен тығыз байланысып жақсы қарым – қатынаста бола білуі міндетті.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы – ұстаз тұрады. «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп  Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық  сұхбат орнатуының негізі болып табылады.

Мұғалім мен оқушының арасындағы педагогикалық сұхбат ең жылы, ең ыстық, мәдениетті болып келеді. Соған қатысты ұстаз бен шәкірт тілдесімі мәдениетті, үлкен әдеп қағидалары сақталған, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, адамгершілікті танытатын үлгі болып табылады. Ұстаз бен шәкірт сұхбаттасуы – ерекше құбылыс. Ұстаз шәкіртінің бойына білім, көкейіне түйсік енгізіп, бұларды өмірде дұрыс және орынды қолдана білуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады, яғни ұстаз шәкіртке қарағанда білімі, тәжірибесі мол, салауатты, маман кісі. Сондықтан да мұғалім мен оқушы педагогикалық сұхбат орнауында мұғалімнің басымдық ролін атап кеткен жөн. Мұғалім мен оқушылар білімдеріндегі, тәжірибелеріндегі т.б. айырмашылықтар, ерекшеліктер ұстаз – шәкірт сұхбаттасуында өз көрінісін табады. Мұғалім мен оқушыларының арасындағы жас ерекшеліктері, жеке дара ерекшеліктері зор болғанымен, осы ерекшеліктер мұғалім тарапынан ескеріліп отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушы педагогикалық сұхбаттың психологиясын анықтау – қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық сұхбаттың психологиялық сипатынан қарастырылуы; болашақ әлеуметтік педагог, сынып жетекшінің қызметтік іс-әректтерінде қолдануға болады, педагогикалық колледждерде, жоғарғы педагогикалық оқу орындарында мамандыққа кіріспе, педагогикалық шеберлік, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология т.б. пәндердің дәріс сабақтарында, өзіндік жұмыстарында пайдалана алады.

Диплом жұмысының мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық сұхбаттың психологиялық сипатын айқындау.

Диплам жұмысының міндеттері:

  • «Сұхбат», «кәсіби сұхбат» теориясының педагогика және психология ғылымдарында қарастырылуын зерттеу;
  • «педагогикалық сұхбаттың» ерекшелігі, қойылатын талаптары, орындалу шарттарын нақтылау;
  • «педагогикалық сұхбат» жүргізу шеберлігін қалыптастыру жолдары мен әдістерін айқындау;
  • тәжірибелік қолдануға әдістемелік жүйелі нұсқаулар жасау.

Ғылыми болжам: Егер мұғалім педагогикалық сұхбаттың психологиялық мүмкіндігінің күші мен шеберлігін игерсе, оқушы тұлғасының қалыптасудағы қарым-қатынас нәтижесі ұлғая түседі.

Зерттеу нысаны: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас.

Зерттеу пәні: Мұғалім мен оқушы арасындағы «педагогикалық сұхбат».

Дипломдық жұмыста қолданған ғылыми зерттеу әдістері: тест, сауалнама, социометрия, рөлдік ойындар, «миға шабуыл», «диалог», «монолог», «ойын», «тренинг» т.б.

Теориялық және әдіснамалық негіз болған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері (Зимняя И.А., Кан-Калик В.А., Синица И.Е.,  Сейталиев Қ., Елеусізова С., Жарықбаев Қ., Тәжібаев С.Ғ).

Тәрбие және білім үрдісіне байланысты Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар, заңнама, тұжырымдама, бағдарламалар («Білім туралы заңы» (2007ж), «Білім бағдарламасы» (2009ж.), «Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» (2000), «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»,  «Тәрбие тұжырымдамасы» (2009), назарбаев Н.Ә Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 қаңтарындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауы.

БҰҰ, ОБSЕ ұйымдарының адамға, тұлғалық дамуына байланысты қабылданған құжаттар: «Адам құқығы туралы декларация», «Бала туралы конвенция»

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Іздеу